31 желтоқсан 2014 22:43

Қазақ әншісі Пугачеваның жаз туралы әнін қыс тақырыбына өзгертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аллаберген Жақсыбаев. ©Facebook.сom Аллаберген Жақсыбаев. ©Facebook.сom

Белгілі әнші Аллаберген Жақсыбаев өз репертуарындағы Алла Пугачеваның жаз туралы әнін Жаңа жыл тақырыбына арнап өзгертті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. "Звездное лето" әнінің қазақша нұсқасы "Кел, Жаңа жыл!" деп аталады.


Белгілі әнші Аллаберген Жақсыбаев өз репертуарындағы Алла Пугачеваның жаз туралы әнін Жаңа жыл тақырыбына арнап өзгертті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. "Звездное лето" әнінің қазақша нұсқасы "Кел, Жаңа жыл!" деп аталады.

Әнші жаңа әнін республикалық телеарналардың біріндегі жаңажылдық думанда орындады. Пугачеваның әніне жазылған қазақша мәтіннің авторы - Сайлаубек Елманов, ол бұған дейін "Мария Магдалена" хитіне сөз жазған болатын.

"Қыстың бір суық күндері, қаһарлы, ызғарлы күндері жаймашуақ жазды аңсап жүрген, жазды армандап жүрген адамдар болады. Қыстыгүні жазды еске алғысы келетін адамдар көп. Аяздан, үскірік желден жабырқағандар болады. Міне, сондай адамдардың көңіліне жылылық ұялатсын, бір-бірімізге жылылық сыйлап жүрейік деп, осы әннің әуенін әдейі таңдап алдым, яғни Жаңа жыл мерекесін шуақты жаз туралы әннің әуенімен жеткізгім келді", - дейді Аллаберген Жақсыбаев. Әнді мына жерден тыңдауға болады. 

Әншінің айтуынша, бұл - жаңажылдық мерекелік шараларға ғана арналған композиция. "Түрлі халықтың музыкасына қазақша мәтін жазып алып орындап жүреміз, оған елдің бәрі тойда дуылдап билейді. Ал бұл ән Жаңа жыл мерекесіне ғана арналған", - дейді ол.

2002 жылы "Азия дауысы" халықаралық фестивалінің жүлдегері атанған әнші Пугачеваның "Звездное лето" әнін Болгарияның Варна қаласында өткен халықаралық байқауда орындаған. "Байқауда диплом иегері атандым", - дейді Жақсыбаев. Айта кетейік, әнші Жаңа жылдан соң Ресейдің Саратов және Орынбор облыстарында шығармашылық кеш өткізеді. 

Аллаберген Жақсыбаев - Қазақстанның мәдениет қайраткері. Оның орындауындағы Теміржан Базарбаевтың "Тамаша" әні "Қазақтың 100 әні" жобасына енген. Әнші мұқтаж жандарға арналған қайырымдылық концерттерімен танымал. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети