23 желтоқсан 2014 18:27

Қазақстан әншілерінің 2014 жылғы зор жетістіктері

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz коллажы ©Tengrinews.kz коллажы

2014 жыл Үкіметтегі кадрлардың өзгеруімен немесе Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуымен ғана емес, сонымен қатар мәдениеттегі жетістіктерімен де есте қалды. Tengrinews.kz редакциясы қазақстандықтардың 2014 жылғы үлкен жеңістері мен үздік орындауларын атап өтуді ұйғарды.


2014 жыл Үкіметтегі кадрлардың өзгеруімен немесе Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуымен ғана емес, сонымен қатар мәдениеттегі жетістіктерімен де есте қалды. Tengrinews.kz редакциясы қазақстандықтардың 2014 жылғы үлкен жеңістері мен үздік орындауларын атап өтуді ұйғарды.

Қазақстанның халықаралық музыкалық конкурстарда жеңіске жетпегеніне көп болды. Үлкен жеңісті Turkvizyon-2014 конкурсында үздік болған Жанар Доғалова әкелді. Жанар Доғалова "Ізін көрем" әнін орындап, 225 балл жинады. 

Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең танымал әншілердің бірі Батырхан Шүкенов "Россия-1" телеарнасында "Живой звук" деп аталатын ресейлік шоудың көктемгі маусымын жеңіп алды. Әншілер белгілі әндерді орындайтын "Живой звук" шоуы шыға салысымен рейтингі жоғары болды. Айтпақшы, әр жұлдыздың айтатын әнін де, оларға баға беретін де музыкалық караоке-автомат болды.

Опера әншісі Салтанат Ахметова да ең маңызды жетістікке жетті. Әнші жастардың "Большая опера" деп аталатын телевизиялық конкурсында топ жарды. 

Қазақстандық жас әнші Мархаба Сәбиева "Славянский базар-2014" халықаралық музыка байқауында үшінші орын алды. Жеңіске жетуге оған 2 балл жетпей қалды, бірақ оның айтқан әні өте әсерлі болды.

Қазақстаннан шыққан әнші Ресейдегі ең атақты "Голос" шоуының үшінші кезеңіне тұңғыш рет шыға алды. Диана Шарапова бірінші кезеңнен кейін Леонид Агутиннің командасына қосылды, кейін Александр Градскойға ауысты. Оның әр өнер көрсеткен сайын қазылар алқасы жоғары баға беріп отырды, сонымен қатар Интернетте тыңдаушылары көбейді.

Жылдың тағы да бір маңызды оқиғасы Алматыдан шыққан Анатолий Цойдың "Хочу к Меладзе" шоуындағы жеңісі болды. 25 жастағы қазақстандық танымал продюсермен келісімшартқа отырып, Ресейге көшіп кетті. 

Ал Әлішер Кәрімов "Жаңа толқын" музыкалық фестивалінде жеңіске жете алмаса да, Адриано Челентаноның Confessa әнін орындауы отандастарының жүрегінде қалып қойды.

Бірақ жүлделі орынды осы байқаудың балаларға арналған конкурсында 10 жастағы Мұхаммедәли Жүгінісов алып келді. Ол "Балалар Жаңа толқыны-2014" байқауында үшінші орын алды. Қазылар алқасы баланың қайталанбас вокалын ғана емес, сонымен қатар өзіндік мәнері мен дарындылығын атап өтті.

2013 жылдың соңында, жаңа жылда Риддер қаласының бишісі Дмитрий Щебет "Танцуют все!" украин би шоуының үшінші жүлделі орнын қанаған тұтты. Ол жоғары деңгейдегі хореография мен брейк-дэнсті көрсетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети