29 қазан 2014 11:32

Қазақстандық белгілі джаз әншісі Жанна Саттарова қатерлі ісікке шалдықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әнші Жанна Саттарова. ©Ярослав Радловский Әнші Жанна Саттарова. ©Ярослав Радловский

Қазақстанның белгілі джаз әншісі Жанна Саттарова қатерлі ісікке (рак) шалдықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оның әпкесі Гаухар Саттароваға сілтеме жасап.


Қазақстанның белгілі джаз әншісі Жанна Саттарова қатерлі ісікке (рак) шалдықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оның әпкесі Гаухар Саттароваға сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта әнші Сеулде емделіп жатыр, ол химиялық терапия курстарынан өтеді. Бұған бейжай қарамаған достары мен әріптестері көмек сұрап жатыр. "Біз қазір достарымыздың көмегінің арқасында Сеулде, "Чеиль" клиникасындамыз. Менің туған сіңлімнің тоқішегінен қатерлік ісік табылды. Оған қазір ота жасауға дайындап жатыр, сәтті болады деп сенеміз. Ұзақ мерзімді емдеу курсы мен химиотерапия курсы қажет болады, содан кейін қалпына келеді, - дейді Гаухар Саттарова. - Бірақ мұның барлығы өте қымбат. Оның барлық достары мен таныстарынан, оның үлкен дарынын сүйетіндер мен танымайтындардан да бей-жай қалмай, жағдайы жеткенінше қаржылай көмектесуін сұраймын. Барлық ақша оның еміне жұмсалады, ал қалған сома онкологиялық ауруға шалдыққан басқа да адамдарға беріледі".  

Жанна Саттароваға көмектескісі келетіндер оның Facebook әлеуметтік желісінде арнайы ашылған парақшасында көрсетілген есепшотына қаржы жібере алады. Жанна Саттарова - Қазақстанда джазвумен образында тұңғыш өнер көрсететін әншілердің бірі. Тыңдармандары оның терең, сезімге толы даусы мен сұлу келбетін ұнатады. Ол әлемге әйгілі хит әндерді орындайды. Жанна Саттарова Қазақстандағы джаз концерттерінде ғана емес, сонымен бірге шетелде де ән айтқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети