19 ақпан 2015 16:18

Қазақстанның "Евровидение" байқауына қатысу туралы өтініші 2 жылдан бері қаралып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©xn---2016-gweaqgda7ac3ek5a.xn--p1ai ©xn---2016-gweaqgda7ac3ek5a.xn--p1ai

Еуропа хабар тарату одағы (EBU) Қазақстанның одаққа мүше болу жөніндегі өтінішін әлі күнге дейін қарап жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айта кетейік, бұл одаққа мүше болу Қазақстанға әлемге әйгілі "Евровидение" жыл сайынғы ән байқауына қатысуға құқық береді. 


Еуропа хабар тарату одағы (EBU) Қазақстанның одаққа мүше болу жөніндегі өтінішін әлі күнге дейін қарап жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айта кетейік, бұл одаққа мүше болу Қазақстанға әлемге әйгілі "Евровидение" жыл сайынғы ән байқауына қатысуға құқық береді. 

"Қазіргі кезде EBU-ға мүше болу үрдісі бірқатар формалдық рәсімдермен бірге жүреді. Осыған байланысты EBU-ға мүше болу үшін "Хабар" агенттігі" АҚ құжаттарды дайындап жолдады. Қазіргі таңда жинақталған құжаттар EBU-да қарастырылып жатыр", - делінген комитеттің Тengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына қайтарған жауабында. 

Еске салайық, "Евровидение" ән байқауына қатысу үшін Қазақстанның Еуропа хабар тарату одағына қосылу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатқаны осыдан екі жыл бұрын хабарланған еді. Айталық, 2012 жылдың күзінде "Қазмедиа орталығы" басқарушы компаниясының баспасөз қызметі бұл мәселенің бірнеше рет талқыланғанын, бірақ одақ талаптарының тым жоғары болуына байланысты келіссөздердің еш нәтиже бермегенін хабарлады.

"Біріншіден, Еуропа хабар тарату одағының әлеуетті мүшесі одақ қызметтерін белсенді тұтынатын болуы керек, екіншіден, ірі шаралар трансляциясының қымбат құқығын тұрақты түрде сатып алуы қажет, үшіншіден, өзінің техникалық базасы биік деңгейде болуы керек", - деп хабарлаған еді "Қазмедиа орталығы" басқарушы компаниясының баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, "Евровидение" - Еуропа хабар тарату одағына мүше елдер арасындағы эстрада әндерінің ірі халықаралық байқауы. 2015 жылы ән байқауы Австрияның астанасында 19-23 мамыр аралығында өтеді. Мұның алдында Данияда өткен "Евровидение-2014" байқауында Австрия әншісі Кончита Вурст Rise Like a Phoenix әнімен финалда 290 балл жинап, жеңімпаз атанды да, өз еліне келесі конкурсты ұйымдастыру мүмкіндігін сыйлады. "Евровидение" байқауы биыл 60-рет өткізіледі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети