14 қараша 2014 15:15

"Конец фильма" тобының солисі "На вершине Тенгри" жобасында өнер көрсетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Конец фильма" тобының солисі қазақстандық музыканттармен бірге Tengri FM cтудиясында. ©Тengrinews.kz "Конец фильма" тобының солисі қазақстандық музыканттармен бірге Tengri FM cтудиясында. ©Тengrinews.kz

"На вершине Тенгри" жобасының бүгін - 14 қараша күні болатын концертінде "Конец фильма" тобының жетекшісі Евгений Феклистов жобаның қараша айындағы сессиясы қатысушыларымен бір сахнада өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Концерт Қазыбек би, 20-үй - Қалдаяқов көшесінің бұрышындағы Event City Hall клубында (бұрынғы Cinemabar)сағат 20.00-де басталады. 

Бір ай бойы Алматыда Қазақстандағы "На вершине Тенгри" ірі рок-жобасының қараша сессиясының концерттері болды. Апта сайын қазылар алқасы ең үздік рок-топты анықтап отырды. Сөйтіп, 14 қараша күні айдың финалдық концертінде The Moloty, Kod A, Bissa және Blues Motel топтары өнер көрсетеді. Концерттің соңында қазылар алқасы қараша сессиясының мықты командасын анықтайды. "На вершине Тенгри" жобасының қатысушылары "Конец фильма" тобының жетекшісі Евгений Феклистовпен бір сахнада өнер көрсетеді. Музыканттар ерекше бағдарлама әзірлеп қойған. 

Еске сала кетейік, "На вершине Тенгри" жобасының VI маусымы үш сессиямен өтіп жатыр: қыркүйек, қазан және қараша сессиялары. Қыркүйек айының қорытындысы бойынша Hadn't tea тобы жеңімпаз болды. Қазанда финалға LampЫ Orchestra шықты. Қараша айындағы жеңімпаз 14 қараша күні кешкісін белгілі болады. Ал VI маусымында үздік шығып, жалпы финалда жеңімпаз атанған топ 2015 жылы жазда ресейлік ірі рок-фестивальге қатысып, Қазақстанның атынан өнер көрсетуге жолдама алады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети