05 желтоқсан 2014 11:53

Кубалық әнші "Алдаспан" рок-тобымен бірге "Дударайды" шырқайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Алдаспан" тобы. ©Ярослав Радловский "Алдаспан" тобы. ©Ярослав Радловский

Қазақстанның этникалық бірегей рок-тобы "Алдаспан" кубалық музыкант Исаакпен бірге қазақ және испан тілдерінде бірнеше композиция жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның этникалық бірегей рок-тобы "Алдаспан" кубалық музыкант Исаакпен бірге қазақ және испан тілдерінде бірнеше композиция жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ерекше дуэт Ay Maria және "Дударай" атты аранжировкасы мүлдем жаңа екі композиция жазды. Ay Maria композициясында домбыраның үні испан сарындарымен үйлесім тауып, әуенге жаңаша әр береді. Ал қазақтың танымал әні "Дударайды" кубалық музыкант испан тіліне аударған. 

"Екі ұқсас жанрды біріктіру идеясы болды. "Алдаспан" тобының домбыраны қолданып, рок ойнайтыны белгілі, біз осы екі жанрды қосып, бірегей контент жасауды ұйғардық. Сондай шығармашылық тәжірибенің нәтижесінде қызықты өнім пайда болды", - дейді Pantograph орталығының продюсері Арман Исмаилов.

Айта кетейік, Исаак Алматыда бес жылдан бері тұрады, ол "Қазақстан дауысы" музыкалық думанына қатысқаннан кейін көпке танылды. "Алдаспан" тобы мен кубалық орындаушының композицияларын "Жұлдыз FM" жастар радиосының эфирінен тыңдауға болады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети