29 маусым 2018 21:01

Қыдырәлі Болманов Ырза Тұрсынзадамен дауы, бизнесі және бала тәрбиесі жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әнші, продюсер әрі кәсіпкер Қыдырәлі Болманов Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" бағдарламасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әнші, продюсер әрі кәсіпкер Қыдырәлі Болманов Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" бағдарламасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қыдырәлі Болманов сұхбатында Ырза Тұрсынзадамен болған даудың толық мән-жайын айтып берді.

Одан бөлек, продюсер қуыршақ пен балалар киімі бизнесі жайлы, отбасы және бала тәрбиесі туралы әңгімеледі.

"10 жылдан аса ойыншықтар шығарумен айналысып жатырмын. Неге? Өйткені біздің балабақшаларда қазақша сөйлейтін ойыншықтар болған емес. Тарихымызда болған емес. Бұл жаңа бизнес. (...) Енді маған қазір шетелден бірнеше жоспарлар түсіп жатыр", - дейді Қыдырәлі Болманов.

Сондай-ақ, продюсер соңғы бір-екі жылда БАҚ-тарда оның отбасы жайлы айтылған сөздерге қатысты ойын айтты.

"Мешіт жайлы айтылды. Расында ол мешіттің төрт мейрамхананың бар екенін ешкім білмейді. Ол мешіт жаңа формада жасалғандықтан, онда халал мейрамханалар ашылған. Сол жалға алынған мейрамханалардан түскен ақша мешіттің қажеттілігіне жұмсалады. (...)", - деп түсіндірді Қыдырәлі.

Бұдан бөлек, продюсер сұхбатында ҰБТ-ға қатысты ойын айтты.

Мұның алдында Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасына Әли ОқаповMad Men тобының музыканттары, 71-ші Канн кинофестивалінде үздік актриса атанған Самал ЕслямоваНұржан Керменбаев,  Маржан Арапбаева, әнші Ақбота Керімбекова, әнші Қайрат Түнтеков, әнші, "КешYou" экс-солисі Айдана Меденова, қоғам белсендісі әрі тележүргізуші Аружан Саин, көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Әлия Юсупова, "Қазақстан аруы - 2018" Альфия Ерсайын, театр және кино актері Еркебұлан Дайыров,  Артур Төлепов, кәсіпқой боксшы Бейбіт Шуменов, әнші Мәдина Сәдуақасова, дизайнер Ая Бапани, әнші Ерке Есмахан, әнші Ғалымжан Молданазар, актриса әрі продюсер Құралай Анарбекова,  "Нұрлан мен Мұрат" дуэті, аралас жекпе-жектен белгілі файтер Қуат "Найман" Хамитов Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бауыржан Ибрагим, музыкалық продюсер Жан Мұқанов, түріктің белгілі әншісі әрі актер Юсуф Чим, эстрада әншісі Тамара Асар, композитор Ренат Гайсин, әнші, "МузАРТ" тобының солисі Сәкен Майғазиев, белгілі композитор әрі қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджанов, белгілі әзілкеш, шоумен Тұрсынбек Қабатов, бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов, "КешYou" экс-солисі Ақбота Сейітмағамбет, белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева және актер Тәуекел Мүсілім қонақ болған еді. 

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы FacebookInstagram және Telegram желісінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети