18 қаңтар 2015 19:51

Лондонда Еркеш Шәкеев пен Марат Бисенғалиевтің концерті сәтті өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Ұлыбританияда қазақстандық танымал композитор Еркеш Шәкеев пен атақты скрипкашы Марат Бисенғалиевтің бірегей концерті өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Лондоннан. Осыған дейін қазақстандық композитордың әлемдік премьерасы аңызға айналған Лондон симфониялық оркестрі мен Марат Бисенғалиевтің орындауында 2015 жылдың 17 қаңтарында Лондонның St. Luke’s соборында өтетіні хабарланған болатын. Залға 250 адамдық орын бар екені және тамаша акустикалық дыбысы бар екені айтылған еді.

Көрермендердің айтуынша, концерт сәтті әрі жоғары деңгейде өтті. Еркеш Шәкеев болса отандық музыканы шетелде лайықты деңгейде өткізе алғанына риза екенін айтты. "Концерт кезінде айтқанымдай, адамдар көп дүниені өз елі үшін, өз отаны үшін жасайды. Бұл адамның өзін-өзі сыйлауының, өзін, достарын, өз елін мақтан тұтатынының негізі. Шын мәнінде мұның бәрі іште болады, концертте осы сөздерді айтып тұрғанымда тіпті тебіреніп кеттім", - деді композитор.

Ал Марат Бисенғалиев өз кезегінде оркестрдің керемет болғанын және бұл шараға қатысу өте қызық болғанын айтты. "Біріншіден, әрине, музыканың өзі. Екіншіден, осы жұмыстар арқылы өзіңді көрсету. Мұнда тек Еркеш қана емес, аранжировка жасайтын мамандардың да, оркестр ұжымының да еңбегі бар. Істелген іс көп, бұл нағыз техникалық деңгей! Әрине, тірі дауыста орындаған кезде мінсіз болмауы мүмкін. Бар тұздығы да осы шығар. Тосын жай көп болды. Дирижермен қарым-қатынас дұрыс болмауы да мүмкін", - деді Бисенғалиев.

Берлин симфониялық оркестрінің бас дирижері Лиора Шамбадала концерттің тамаша болғанын айтты. "Бір композицияға қосылған әртүрлі 15 еңбектен ерекше тәжірибе алдым. Еңбектер бір-біріне ұқсамайды, бәрінде түрлі музыка. Қазақстанды "музыкалық қуат" болып келе жатыр деп ойлаймын. Мен Астанада үш рет болдым, мұнда музыканың дамуына қандай істер жасалып жатқанын көремін. Мәселен, музыкалық білім беру - мұның біз үшін қандай маңызды екенін білемін, бұл керемет!", - деді Шамбадал.

Көрермендердің бірі - қазақстандық танымал музыкант Батырхан Шүкенов - Лондондағы концертті музыкалық үлкен оқиға деп атады. "Себебі біз Еркештің музыкасын ән түрінде тыңдап үйреніп қалдық. Бүгін Лондон оркестрінің өнерінен кейін Еркештің көпқырлы екенін көруге болады. Бүгін шырқалған ән классикалық формада. Яғни Еркеш мұны көпшілікке көрсетпеген болуы керек. Бұл оның жүрегінде болды, бұл оны қолдауға келген достарына ашқан жаңалығы болды", - деді әнші.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети