31 желтоқсан 2014 10:49

"МузАРТ" тобы қаңтарда екі бейнебаянын жарыққа шығарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"МузАРТ" тобы. ©myhit.kz "МузАРТ" тобы. ©myhit.kz

"МузАРТ" тобы қаңтарда екі бейнебаянын таныстырады және тағы бір бейнебаян түсіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне топтың әншісі Сәкен Майғазиев хабарлады.


"МузАРТ" тобы қаңтарда екі бейнебаянын таныстырады және тағы бір бейнебаян түсіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне топтың әншісі Сәкен Майғазиев хабарлады.

"Екі бейнебаян түсіріліп болды. Оның біріншісі - "Жеңешем" деген ән. Сөзін Қалқаман Сарин жазды, ал әні - Арман Бексұлтандікі. Қалжың ән. Бейнебаянды, Алла қаласа, қаңтар айында насихаттаймыз. Клипке көптеген әзілкештер қатысты. Ерекшелігі де - сол. "Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан" деп халық бекер айтпайды. Сондықтан бұл - жеңгелерімізге арналған үлкен бір тосын сый", - деді әнші.

Майғазиевтің айтуынша, бірінші бейнебаянға "Шаншар", "Алдараспан", "Аққу мен гәкку" сияқты әзіл-сықақ театрларының актерлері түсті. Бейнебаян Алматыда "567 Сreative laboratory" студиясында түсірді. Ал екінші клип "Мен сені сүйемін" әніне түсірілді. Оның сөзін Қалқаман Сарин, ал әнін Бек Борбиев жазған. Әншінің айтуынша, клиптің түсірілім жұмыстарымен отандық клипмейкер Жеңісхан Төре айналысты. 

Әнші "МузАРТ" тобының үшінші бейнебаяны да шығатынын айтты, бірақ оның атауы әзірше құпия болғанын қалады. Мұнымен қатар, Майғазиев 2015 жылдың наурыз айында жеке концертін беруді жоспарлап отыр. Айта кетейік, ол 1 қаңтарда 40 жасқа толады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстандағы ең көп жүктелетін фильмдер мен әндердің рейтингі анықталып, "МузАРТ"-тың" орындауындағы әндер алғашқы бестіктен көрінген еді. Ал топтың мүшесі Мейрамбек Бесбаевтың ән-термелер жинағы рейтингтің көшін бастады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети