23 қыркүйек 2014 11:38

"Отырар сазы" маусымашар концертінде "Хан Кене" толғауын орындайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©fil.kz ©fil.kz

26 қыркүйек күні Нұрғиса Тілендиев атындағы "Отырар сазы" академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрі өзінің жаңа концерт маусымын ашады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл маусымда Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясында мерейтой - филармонияның құрылғанына 80 жыл толады. 


26 қыркүйек күні Нұрғиса Тілендиев атындағы "Отырар сазы" академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрі өзінің жаңа концерт маусымын ашады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл маусымда Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясында мерейтой - филармонияның құрылғанына 80 жыл толады. 

"Отырар сазы" оркестрінің маусымашар концертінде әлем және Қазақстан композиторларының танымал шығармалары орындалады. Сонымен бірге, көрермен назарына Тілендиев оркестріне арнап жазылған жаңа туындылар да ұсынылады. Дирижерлер - Дінзуһра Тілендиева, Жалғасбек Бегендіков және Мүсілім Әмзе.

"Оркестрге жазылған соңғы кездегі ең ірі көлемді шығармалардың бірі - жас композитор, қылқобызшы Алмат Сайжанның "Хан Кене" толғауын, Еркін Нұрымбетовтің сазсырнайға арналған "Балдырған" күйін орындайтын боламыз. Бұдан бөлек, белгілі орындаушылармен бірге өнерсүйер қауымға репертуарымыздағы үздік ән-күйлерді де ұсынамыз", - дейді Мүсілім Әмзе.

Кеште ҚР халық әртісі Майгүл Қазтұрғанова, ҚР еңбек сіңірген әртістері Бағдат Сәмединова, Шаһимардан Әбілев, халықаралық байқаулардың жүлдегерлері, классикалық музыканың белгілі орындаушылары Дархан Жолдыбаев, Ерлан Рысқали, Салтанат Аман және күйшілер Данияр Байжұман мен Гүлзия Стамбек өнер көрсетеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Отырар сазы" оркестрінің Алматыда "Оркестрлер шеруі" V классикалық музыка фестиваліне қатысқаны хабарланған болатын. Ұлттық аспаптар ұжымы Жорж Бизе, Эдвард Григ, Джакомо Пуччини, Арам Хачатурян сияқты әлем классиктерінің шығармаларын орындады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети