22 шілде 2019 09:35

Тоқаев Скриптонитті түсінуге уәде берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев музыкант Скриптониттің туындыларын бірнеше рет тыңдағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев музыкант Скриптониттің туындыларын бірнеше рет тыңдағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мемлекет басшысының Скриптонит туралы пікірін ресейлік журналист Алексей Пивоваров Президентпен сұхбаты барысында сұрады. Сұхбат "31 арнада" көрсетілген. 

"Оны бірнеше рет тыңдадым, бірақ әніне терең бойлап, оны түсініп кеттім деп айта алмаймын. Бірақ бұл бағытта бір нәрсе істеуге уәде беремін", - деді Тоқаев.

Сондай-ақ, Президент Димаш Құдайбергеннің табысы туралы да ойын айтты. 

"Қытай халқын, енді Ресейді таңғалдырған Димашпен мақтанамыз, ол Кремль сарайында бірнеше рет концерт берді. Аншлаг, толық аншлаг", - деді Мемлекет басшысы. 

Әділ "Скриптонит" Жәлелов - танымал қазақстандық рэп-орындаушы, музыкант. Ол 1990 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Скриптонит бірнеше жыл бойы ресейлік танымал рэпер Бастамен бірге Gazgolder лейблінде болған. Қазір жеке шығармашылығымен қатар, Gruppa Skryptonite жобасын қолға алған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети