24 тамыз 2015 11:11

KASE таңғы сессиясы: Доллар бағамы тағы да 10 теңгеге құлдырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

KASE қор биржасында 2015 жылдың 24 тамызында доллардың орташа салыстырмалы бағамы 227,46 теңге болып тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сауда 238,3 теңгеден басталды. 10.47 жағдайында ең арзан келісім 217 теңгемен өтті, ал ең қымбаты 238,3 бағамымен жасалды. Саудаға валюта нарығының 17 адам қатысты. Барлығы 81 келісім жасалды. Сауда көлемі 8,59 миллиардтан асты. Таңғы сессия 10.15-тен 11.00-ге дейін жалғасты. Еске салайық, 21 тамызда кешкі сессиясында доллар бағамы 237,6 теңгеге тең болған еді.

Еске салайық, 2015 жылдың 20 тамызында ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети