28 сәуір 2014 14:23

"Абу-Даби Плаза" кешенінің құрылысына 600 қазақстандық компания қатысқысы келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Әбу-Даби-Плаза" кешенінің жаңа жобасы "Әбу-Даби-Плаза" кешенінің жаңа жобасы

 Астанадағы "Абу-Даби Плаза" кешенінің құрылысын салуға қазақстандық 600 компания ықылас білдіріп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


 Астанадағы "Абу-Даби Плаза" кешенінің құрылысын салуға қазақстандық 600 компания ықылас білдіріп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде өткен жиында "NADLoC" " Жергілікті үлестіруді арттыру жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ төрағасы Қайрат Бектүргенов мәлім етті.

"Қазір біз аптасына бір мәрте арнайы семинар өткізіп тұратын жұмыс тобын құруды ойластырып отырмыз. Біз барлық облыс әкімдерімен бірлесіп жұмыс істедік. Нәтижесінде, 600 компаниядан құрылысқа қатысуға ықылас білдірген  ұсыныстар алдық. Қазірде жобаға қатысуы мүмкін деген компанияларды топ-топқа бөлдік. Айта кету керек,  кешеннің жобасы өте салмақты. Құрылысты салу барысында әлемдік стандарттарға басымдық беріледі", - дейді Қайрат Бектүргенов.

Үкімет басшысының орынбасары және Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев қатысқан аталмыш жиында "Абу-Даби Плаза" кешенінің зеңгір биіктігі таныстырылды. Кешеннің биіктігі 320 метр, ал жалпы аумағы 500 мың шашы метрді құрайды. Жобаның құны 1,6 миллиард доллар.

Еске салайық, аталмыш жоба - энергияны үнемдеу және экология саласындағы озық технологиялар бойынша салынатын Қазақстандағы ең бірінші кешен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети