26 қаңтар 2015 16:58

Ақпанда Қазақстанда АИ-92 жанармайы арзандауы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©autocentre.ua ©autocentre.ua

ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник ақпан айында АИ-92 жанармайы бағасының төмендеуі мүмкін екенін жоққа шығармайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник ақпан айында АИ-92 жанармайы бағасының төмендеуі мүмкін екенін жоққа шығармайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатынан соң журналистер министрден "Ақпан айындағы баға қаңтарға қарағанда төмен болады деуге үміт бар ма?" деп сұрады. 

"Мен солай деп үміттенемін. (...) Төрт облыста қазірдің өзінде бағаның арзандап жатқанын білемін", - деп мәлімдеді ол. Министр Үкіметтің әрбір май құю бекетінде бағаны қолдан ұстап тұра алмайтынын, тек шектік бағаны ғана белгілеуге болатынын айтты. 

"Біз желтоқсан айында бағаны екі рет төмендеттік. Бүгінде қолданыстағы жанармайды 109 теңгеден құя аласыз, қазір көптеген облыста оның құны төмендеп жатыр, яғни біз бағаны одан әрі көтеруге болмайтынын, одан төмендетуге болатынын белгіледік. Сондықтан мемлекет әрбір жанармай бекетінде өз бағасын белгілей алмайды, бірақ мынадай шамадан асыруға болмайды деп айта алады, одан әрі олар өздері бәсекелесіп, бағаны төмендете берсін", - деді министр. 

Журналистер Школьниктен "осы айда немесе ақпан айында жанармайдың шектік бағасын төмендету жоспарланып отыр ма?" деген сұрақтың жауабын нақтыламақ болды. "Бұл мәселе қаралып жатыр, бірақ басқа да мәселелер бар, арзан бензин қаптап кетеді де, біздің зауыттарымыз бәсекеге қабілетті болмай қалады деген қауіп бар, сонымен бірге, егер біреуіне рұқсат бермей қойсақ, тапшылық болады, біз 30 пайызын сырттан әкелеміз", - деді ол. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети