01 сәуір 2016 14:32

Алматы қалалық МКД өкілдері баспана сатудағы жеңілдіктерді алып тастау туралы ұсынысын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ruinformer.com © ruinformer.com

Барлық қазақстандықты мүлікке иелік ету мерзіміне тәуелсіз түрде баспана сатқанда 10 пайыз салық төлеуге міндеттеу туралы ұсыныс мемлекеттік кірістер туралы Кодекс бойынша Жұмыс тобына түскенше кері қайтарылуы мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің салық заңнамасына түсінік беру басқармасының жетекшісі Еділ Әзімшайық хабарлады.


Барлық қазақстандықты мүлікке иелік ету мерзіміне тәуелсіз түрде баспана сатқанда 10 пайыз салық төлеуге міндеттеу туралы ұсыныс мемлекеттік кірістер туралы Кодекс бойынша Жұмыс тобына түскенше кері қайтарылуы мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің салық заңнамасына түсінік беру басқармасының жетекшісі Еділ Әзімшайық хабарлады.

Осыған дейін Алматыда заңнамаға өзгерістер енгізуді талқылау кезінде жаңадан жасалып жатқан мемлекеттік кірістер Кодексінің концепциясына Кеден және Салық кодекстерін біріктіретін норма енгізу ұсынылған еді. Қазіргі кодекс бойынша, егер тұрғын үй немесе пәтер азаматтың меншігінде бір жылдан аса уақыт болса, онда нысанды сату кезінде ол салықтан босатылады.

Әзімшайықтың айтуынша, ұсыныстар Астанадағы орталық аппаратқа жолданды - Мемлекеттік кірістер комитеті. "Мемлекеттік кірістер комитеті ұсыныстарды қарап, жұмыс тобына жібереді. Бірақ жібермеуі де мүмкін. Егер жұмыс тобына түссе, ұсыныстар Мәжіліске жіберілуі мүмкін. Бірақ олар да алдын ала есептейді", - деді ол. МКД өкілі ұсыныстардың осы кезеңде де кері қайтарылуы мүмкін екенін түсіндірді. Сонымен қатар, заңнамаға түзетулерді Мәжілісте де, Сенатта да, Президент қол қоятын кезде де қайтарылуы мүмкін екен. МКД өкілі бұл ұсыныстың неліктен пайда болғанын түсіндірді. Оның айтуынша, баспананы сатып алған бірінші жылда сатуға алдап сату жағдайларының көбеймеуі үшін салықпен шектеген. Бірақ бұл шектеу көшуге мұқтаж болған көпшілікке қатысты болып қалған.  

"Осы салықты есептеу бойынша бірнеше ұсыныс бар: мәселен, жеке үйлердің иелері бес жылда бір рет өз баспанасының тәуелсіз бағасын жасатып отырады. Ал пәтер иелеріне келсек, онда жердің кадастр құны есепке алынатын шығар, ал пәтердің өз құнын жыл сайын техникалық инвентаризациялау бюросы нақты келісімдер мен сомаларға қарап отырып есептейді, бірақ олар қазіргідей хабарландыруларға қарап жасамайды", - деп атап өтті Әзімшайық.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети