07 сәуір 2015 23:53

Америкалық миллиардер ақшаны сақтағанда доллардың орнына рубльді таңдау керек екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Livertradingnews.com @Livertradingnews.com

Америкалық белгілі инвестор әрі миллиардер Джим Роджерс ақшаны ресейлік қор биржасына салуды және доллар мен еуро орнына рубльді сатып алуды ұсынды. Бұл туралы ол БКС қаржылық тобының тұтынушыларымен болған конференцияда айтты, - деп хабарлайды Инсайдер.

Кәсіпкердің айтуынша, қаражатты америкалық валютамен сақтау тиімсіз, ал еуро алдағы бірнеше жылда құлдырап кетуі мүмкін. "Көп адамдар долларды сенімді деп ойлайды. Бірақ бұл дұрыс емес. Алдағы 2-3 жылда доллар құны төмендейді, сондықтан көп инвесторлар шығынға ұшырайды. Мен доллармен инвестиция жасамаймын. Ал еуро болса алдағы бес жылда құрып бітеді. Грекия немесе Португалияда бір өзгерістер болады", - деді Quantum қорының негізін салушылардың бірі Джим Роджерс.

Инвестор қаражатын Қытай немесе Ресей валютасымен сақтайтынын айтты: "Көбі менің әрекетімді дұрыс емес деп есептейді, мен сонда да рубльді сатып аламын", - деді ол. Айта кетейік, миллиардер инвестиция құюға ең тиімдісі Ресей нарығы деп есептейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети