14 наурыз 2017 12:36

Бензин бағасының өсуін тоқтату үшін жұмыс істеп жатырмыз - Бозымбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мемлекеттік органдардың бензин бағасының өсуін тоқтатқысы келетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мемлекеттік органдардың бензин бағасының өсуін тоқтатқысы келетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз осы мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмыз (бензин бағасының өсуін тоқтату - автор.)", - деді министр журналистерге үкімет отырысынан кейін.

Бозымбаевтың айтуынша, 2017 жылдың екінші жартысынан бастап Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытын пайдалануға беру арқылы бензин бағасының өсуін тоқтатуға болады.

Сондай-ақ, министр қазақстандық жанармай бағасының көрші елдермен салыстырғанда төмен екенін айтып өтті.

"Мен халықтың орта табысын бензин бағасымен салыстырып отырған жоқпын. Бірақ егер сіздер бағаны Ресеймен салыстырсаңыздар, мысалы, онда А-92 бензины 180 теңге тұрады. Әрине, бағаны Еуропамен салыстыратын болсаңыздар, мүлде бөлек сандар шығады", - деді министр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети