29 қараша 2015 11:51

ДАИШ Түркияға мұнай мен газды миллиардқа жуық долларға сатқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

ДАИШ Ирактың мұнай мен газын сегіз ай ішінде  800 миллион долларға Түркияға сатқан, - деп хабарлайды РИА Новости Ирактың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесшісі және "Мемлекет заңы" парламент коалициясының лидерлерінің бірі Мувафака ар-Рубаиға сілтеме жасап. 

Арнайы қызметтердің мәліметінше, Ирактың мұнай өнімдерін "қара базардағы" саудасы әлемдік бағалардан екі есе арзан бағамен жүзеге асырылған. "Біз мұны ДАИШ-тың қоректеніп отырған оттегісі дейміз және біз осы оттегіні жауып тастасақ қылғындырып тастаймыз", - деді ар-Рубаи.  

Осыған дейін Сирияның СІМ басшысы Валид Муаллем Түркия президенті Тайып Ердоғанның баласының ДАИШ-пен мұнай саудасына қатысы бар болуы мүмкін екендігін жеткізген еді. Сонымен бірге, Муаллем Түркияның Су-24 ұшағын Ердоғанның баласының мұнай компаниясының мүддесі үшін атып түсіргенін атап өтті.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети