Доллар 307 теңгеге дейін арзандады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Доллар 307 теңгеге дейін арзандады © Тұрар Қазанғапов

KASE күндізгі сессиясында доллар бағамы 307,12 теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, таңғы сессияда доллар 312,65 теңгеге тең болған еді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

KASE күндізгі сессиясында доллар бағамы 307,12 теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, таңғы сессияда доллар 312,65 теңгеге тең болған еді.

2015 жылдың 9 қарашасында күндізгі сессияда алғашқы келісім 309 теңгемен жасалды. Бұл ең максималды баға болды. Осыдан кейін шетелдік валютаның бағамы күрт төмендеп кетті. Ең төменгі баға - 306,92 теңге. Сауда көлемі 163,05 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 25 мүшесі қатысты. Ақша айырбастау орындарында доллар 306-309 теңге аралығында сатылып жатыр.

Еске сала кетейік, өткен аптада доллар бағамы 310,85 теңгемен басталған еді. Доллар бағамы 2015 жылдың 30 қазанынан бастап өсіп жатыр. Айта кетейік, доллардың қымбаттауы ҚР Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Қайрат Келімбетов отставкаға кеткеннен бері жалғасып жатыр. Еске сала кетейік, 2 қарашада ҚР Ұлттық банктің төрағасы ауысты. Қайрат Келімбетовтің орнына Данияр Ақышев келді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети