15 қыркүйек 2015 17:39

Доллар бағамы 282,1 теңгеге жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

KASE кешкі сессиясы бойынша доллар бағамы 282,1 теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Валюта бағамы тағы да рекорд жаңартты. Бір жарым сағат бұрын болған күндізгі сессия кезінде доллар 279,75 теңгеге тең болған еді. Еске сала кетейік, 2015 жылдың 14 қыркүйегіндегі кешкі сессия кезінде доллар бағамы 278,54 теңге болды, бір тәулік ішінде доллар тағы үш теңгеге көтеріліп үлгерді.

2015 жылдың 15 қыркүйегіндегі кешкі сауда кезінде алғашқы келісім 281,5 теңгемен басталды. Ең минималды баға 281 теңге болса, ең жоғарғы баға - 283 теңге. Сауданың жалпы көлемі 19,2 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 17 мүшесі қатысты.

Еске сала кетейік, бұған дейін доллар бағамына түсінік берген Ұлттық банктің өкілдері банктің валюта нарығындағы жағдайға араласпағанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, шетел валютасы үшін ең қолайлы баға 240 теңге шамасында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети