18 қаңтар 2016 | 11:24

Доллар бірден 13 теңгеге қымбаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 372,58 теңгеге дейін көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шетел валютасы Ираннан санкциялар алынғаннан кейін мұнай бағасының күрт арзандауына байланысты қымбаттап отыр.


Иконка комментария блок соц сети

KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 372,58 теңгеге дейін көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шетел валютасы Ираннан санкциялар алынғаннан кейін мұнай бағасының күрт арзандауына байланысты қымбаттап отыр.

2016 жылдың 18 қаңтарында таңғы сессия кезінде алғашқы келісім 366,35 теңгемен басталды. Ең төменгі баға да осы. Сессия кезінде жоғарғы баға 375 теңгеге жетті. Сессияда сауда көлемі 81,4 миллион доллардан асты.

Еске сала кетейік, доллар бағамының антирекорды бұған дейін 367,31 теңгемен орнатылған болатын. Бағам мұндай көрсеткішке 12 қаңтар күні жетті. Ал 15 қаңтарда доллар 359,3 теңгеге тең болған еді. 

Айта кетейік, Ираннан санкциялар алынғаннан кейін 18 қаңтардың сауда сессиясының басында Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 28 доллардан түсті. Бұл марканың баррелі Лондондағы биржа саудасында 27,72 деңгейінде саудаланды. Бұл - жұмадағы көрсеткішпен салыстырғанда 1,5 долларға төмен.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети