03 желтоқсан 2014 11:21

ЕЭК доллар мен евродан бас тарту жөнінде түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©mega-u.ru ©mega-u.ru

Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аумағында доллар мен евродан бас тартудың және ұлттық валюталармен есеп айырысудың оң және теріс жақтарын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұның алдында Ұлттық төлем кеңесі директорлар кеңесінің төрағасы, Ресей өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағының вице-президенті Александр Мурычев ЕАЭО аумағында доллар мен евро бойынша еларалық операцияларға тыйым енгізудің қажеттілігі туралы мәлімдеген еді. 


Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аумағында доллар мен евродан бас тартудың және ұлттық валюталармен есеп айырысудың оң және теріс жақтарын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұның алдында Ұлттық төлем кеңесі директорлар кеңесінің төрағасы, Ресей өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағының вице-президенті Александр Мурычев ЕАЭО аумағында доллар мен евро бойынша еларалық операцияларға тыйым енгізудің қажеттілігі туралы мәлімдеген еді. 

Комиссия өкілдері қазіргі уақытта Кеден одағына мүше мемлекеттерде ЕАЭО туралы Шарттың ережелері қаралып жатқанын айтты. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ұлттық төлем кеңесі қоғамдық ұйымының өз жоспарларын ұсынуы ол қабылдана қалады деген сөз емес. "Егер біздің елдердің төлем карталары жүйесі өзара әрекетті қалыптастырса, ЕАЭО-ға мүше елдер азаматтарына ұлттық валютамен есептесуге мүмкіндік туады. Төлем карталарының ұлттық жүйесін өзара жарастырудың оң тұсы - оның арзан болуы және кедергілер мен қауіптердің аз болуы. Еуразиялық экономикалық комиссия бұл мәселені енді талқылай бастады. Бірақ қазіргі уақытта ЕАЭО елдерінде тек қана ұлттық валюталармен есеп айырысуға көшу мәселесі қаралып жатқан жоқ", - деді ЕЭК өкілдері.

Комиссияның баспасөз қызметі ЕАЭО аумағында доллар мен евро бойынша еларалық операциялар жүргізуге тыйым салу туралы мәлімдеменің негізсіз екенін айтты. "ЕАЭО туралы Шартта ондай норма жоқ. Онда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде жасалып, жүргізілетін келісілген валюта саясатының мақсаттары мен қағидалары туралы айтылады, бұл саясат экономикалық ықпалдастықты тереңдетуді, валюта-қаржы саласында ынтымақтастықты дамытуды, мүше мемлекеттер аумағында тауарлар, қызмет түрлері мен капиталдың еркін айналымын қамтамасыз етуді, сыртқы сауда және инвестиция операцияларында мүше мемлекеттер ұлттық валюталарының ролін арттыруды және ұлттық валюталардың өзара айналымдылығын қамтамасыз етуді көздейді", - дейді ЕЭК өкілдері. Олар Шартта мүше мемлекеттер резиденттері арасында өзара тиімді есеп айырысуды қамтамасыз ететін келісілген валюта саясатын жүргізуге бағытталған шаралар жазылғанын атап өтті. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Ресейдің "Известия" басылымында "Еуразиялық экономикалық одақ доллар мен евродан бас тартуы мүмкін" деген тақырыбы бар мақала жарияланған еді. Онда ЕАЭО аумағындағы төлем жүйелерін дамыту тұжырымдамасы туралы айтылады. Мақалада Ұлттық төлем кеңесі директорлар кеңесінің төрағасы, Ресей өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағының вице-президенті Александр Мурычев ЕАЭО аумағында доллар мен евро түріндегі еларалық операцияларға тыйым салынуы мүмкін екенін мәлімдейді. Мурычевтің айтуынша, бұл тұжырым ұйымға мүше елдер кеңістігінде ортақ төлем жүйесі инфрақұрылымын жасауды қарастырады, бұл ұлттық карточкалар жүйесі сәйкестігін, соның ішінде, Ресейдің төлем карточкалары ұлттық жүйесін, "Белкарт" жүйесін (Беларусь) және Armenian Card жүйесін ескере отырып, төлем жасауға мүмкіндік береді. Құжатта ЕАЭО аумағында доллар мен евро айналымынан бас тарту да ұсынылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети