02 қаңтар 2015 12:05

Еуразия экономикалық одағы өз жұмысын бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тengrinews.kz иллюстрациясы Тengrinews.kz иллюстрациясы

Ресей, Беларусь және Қазақстан қол қойған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт күшіне енді. РИА Новости-дің хабарлауынша, одақ аумағында төрт экономикалық еркіндік болады: тауарлар, қызмет түрлері, капитал мен жұмыс күші қозғалысы. Бұған қоса, одаққа мүше елдер экономиканың шешуші салалары: энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік бойынша келісілген саясат жүргізетін болады. 


Ресей, Беларусь және Қазақстан қол қойған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт күшіне енді. РИА Новости-дің хабарлауынша, одақ аумағында төрт экономикалық еркіндік болады: тауарлар, қызмет түрлері, капитал мен жұмыс күші қозғалысы. Бұған қоса, одаққа мүше елдер экономиканың шешуші салалары: энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік бойынша келісілген саясат жүргізетін болады. 

Уағдаластықтар бойынша, 2016 жылы ортақ фармацевтика нарығы құрылады, 2019 жылға қарай электр энергиясының, 2025 жылға қарай мұнай, газ және мұнай өнімдерінің ортақ нарығы қалыптасады. 

ЕАЭО аумағында мемлекет кепілдік беретін тегін медицина және әлеуметтік қамсыздандыру қолжетімді болады. Мысалы, Қазақстаннан Ресейге барған азаматтар ол жақта ресейліктер сияқты медициналық көмек ала алады. Сол сияқты Ресей, Беларусь, Армения азаматтары да Қазақстанда сондай көмекке ие болады. 

Әзірше ЕАЭО елдерінде бірыңғай зейнетақы мөлшерлемесі бойынша ғана уағдаластық жоқ, дегенмен еңбек мигрантының одаққа мүше елдердің барлығындағы өтілі ескерілетін болады. 

Сөйтіп, ТМД кеңістігінде 170 миллион адамы бар ірі ортақ нарықтың қалыптасуы аяқталды, ол экономикалық дамудың жаңа қуатты орталығы болады. Кеңес дәуірінен бері тұңғыш рет үш елдің экономикасы ортақ заңмен өмір сүруге кірісті. 

Еуразиялық комиссияның штаб-пәтері Мәскеуде, қаржылық реттеу орталығы Алматыда, ал ЕАЭО соты Минскіде орналасады. Одаққа биыл Беларусь төрағалық етеді. 

2015 жылдың 2 қаңтарынан бастап ЕАЭО-ға Армения мүше болады. Одақтың жаңа мүшесіне импортқа салынатын кеден бажын, техникалық регламенттерді, тауарлар қозғалысы ережесін, фитосанитария және ветеринария нормаларын сәйкестендіруге бір жылдан сегіз жылға дейін уақыт қарастырылған. 

2014 жылдың соңында ЕАЭО-ға қосылу туралы шартқа Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев та қол қойды. Бұл ел 2015 жылдың мамыр айында одаққа толық мүше болады. Осы жылы Еуразия экономикалық одағына Тәжікстан мен Өзбекстан да қосылуы мүмкін. Бұл туралы Ресейдің ақпарат құралдары хабарлады. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети