10 мамыр 2014 13:11

Еуроодақ Ресейге қатысты жаңа санкциялар дайындап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Еуроодаққа мүше елдер Ресейдің Украина мен Қырымға қатысты позициясына байланысты жаңа санкциялар дайындап жатыр, деп хабарлайды "Эхо Москвы" "Рейтер" агенттігіне сілтеме жасап.


Еуроодаққа мүше елдер Ресейдің Украина мен Қырымға қатысты позициясына байланысты жаңа санкциялар дайындап жатыр, деп хабарлайды "Эхо Москвы" "Рейтер" агенттігіне сілтеме жасап.

Жаңа санкциялар бойынша қазіргі "қара тізімнің" қатарын Қырымда орналасқан 5 компания мен 15 адам толықтыруы мүмкін. Адамдардың есімі мен компания аттары айтылмауда. Еуроодақ Ресейге қатысты жаңа санкцияларды дүйсенбі, яғни 12 мамыр күні мақұлдауы мүмкін.

Еске салайық, 21 наурыз күні АҚШ Қырымның Ресейге қосылуы мен Кремлдің Украинаға қарсы жүргізіп отырған саясатына байланысты антиресейлік санкция жариялаған болатын. Ол кезде санкцияға Ресейдің 28 азаматы мен "Ресей" банкі іліккен. Жазалаудың екінші легі 28-ші сәуір күні басталып, ол кезде "қара тізімге"  Владимир Путиннің қасындағы азаматтар мен Ресейдің 17 ірі компаниясы қосылған. 

Кейіннен Ресей банктері мен компанияларының санкциясына америкалық Microsoft, Symantec, Oracle және Hewlett-Packard сынды ірі IT-корпорациялары да қосылып қалуы мүмкін екені белгілі болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети