04 мамыр 2014 | 13:46

Халал өнімдерін нарыққа шығаруда тоқырауға ұшырап отырмыз

ПОДЕЛИТЬСЯ

фото armanius.me фото armanius.me

Қазақстанда  халал индустриясының дамуына қатысты заңдық бақылау күшейтілмей  отыр. "Осыған орай халал өнімдерді нарыққа енгізуде тоқырауға ұшырап отырмыз" дейді Тұтынушылардың құқын қорғау агенттігінің төрағасы Болатбек Қуандықов.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда  халал индустриясының дамуына қатысты заңдық бақылау күшейтілмей  отыр. "Осыған орай халал өнімдерді нарыққа енгізуде тоқырауға ұшырап отырмыз" дейді Тұтынушылардың құқын қорғау агенттігінің төрағасы Болатбек Қуандықов.

"Халал өнімдері халал емес өнімдерге қарағанда айрықша белгіде болуы керек. Қазірде халал шұжықтардың бары өз алдына, бізде тағы басқа халал белгісі бар өнімдер жетіп артылады. Тіптен елде халал-қонақ үйлер де баршылық. Жақында ғаламтордан шетелдік кәсіпкердің елімізде халал ТЖО барына таңырқағанын оқыдым. Біз осылайша халал белгісін пайдалануда тым шектен шығып кетіп отырмыз. Сондықтан бұл ретте шара қолданып, заңдық тәртіп енгізу керек" дейді Болатбек Қуандықов.

"Біздің нормативтік-құқықтық актілерімізде "халал" түсінігі мен анықтамасы туралы арнайы заңнамада көрсетілмеген. Бұған қатысты діни қоғамдық бірлестіктің халал өнімдерін өндіруді ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі ережесі ғана бар. Бізде халал тауарлар сертификаттары мен куәліктері сол ереженің негізінде беріліп келеді. Заңнамамен бекітілмегендіктен, құқықтық-нормативтік актілер де жоқ. Бас прокуратурадан бұған құқықтық баға беруін сұрадық" деді Болатбек Қуандықов.

Бұған қатысты аталмыш агенттік Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен Дін істері агенттігіне де тиісті хат жолдаған.

Осылайша агенттік төрағасы халал талаптары заңдық тұрғыдан бекітілуі керек деп санайды.

"Халал өнімі заң бойынша нақты бекітілуі керек. "Тұтынушылардың құқықын қорғау туралы" заң бар, бірақ онда да "халал" дегеннің не екені көрсетілмеген. Егер ертеңгі күні біреу шағым түсірсе, өнімнің халал ма, жоқ па екенін анықтау қиын болады. Сондықтан бұл арада өнімнің нормативтік-құқықтық актілері заңмен бекітілгені дұрыс" дейді Болатбек Қуандықов.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети