10 қазан 2014 13:54

Жамбыл облысы 2020 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін екі есеге арттырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Тұрар Қазанғапов © Фото Тұрар Қазанғапов ©

Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы өнімдерін екі есеге ұлғайтуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңір басшысы Кәрім Көкірекбаевқа сілтеме жасап. 


Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы өнімдерін екі есеге ұлғайтуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңір басшысы Кәрім Көкірекбаевқа сілтеме жасап. 

"Қолға алынған шаралардың нәтижесінде, 2020 жылға дейін ет өндірісінің көлемі 82 мың тоннаға немесе 40 пайызға дейін арттырылады, ал сүт өндірісінің көлемі - 325 тоннаға немесе 20 пайызға ұлғаяды. (...). Жалпы алғанда, 2020 жылға дейін ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемін 2 есеге көбейту, яғни 245 миллиард теңгеге жеткізу жоспарланып отыр", - деді Көкірекбаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Әкімнің айтуынша, алдағы жылдары аграрлық секторға инвестиция тартуға ерекше көңіл бөлінеді. "Малайзиядан, Венгриядан ірі қара мал өсіру үшін, "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" автожолының бойына 83 сүттен жасалған шағын тауарлар фермасын салу үшін инвестиция тартылады. Бұдан бөлек 145 сүт қабылдайтын пункттер салу жоспарланып отыр", - деді ол. 

Көкірекбаевтың айтуынша, егін шаруашылығын үш бағытта дамыту жоспарланып отыр. "Біріншіден: 2020 жылға дейін суармалы жерлердің аумағы 40 пайызға кеңейеді. Екіншіден: ылғал үнемдейтін технологияны пайдалану аумағы 6,5 есеге ұлғаяды. Үшіншіден: тамшылатып суару әдісінің аумағы 5,6 есеге өсіп, 25,6 мың гектарға жеткізу көзделіп отыр", - деді әкім. 

Сондай-ақ ол Шу ауданында жеміс-көкөніс кластерін құру жоспарланып отырғанын хабарлады. "Осының нәтижесінде 2020 жылы өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі 2 есеге арттырылады",- деді Көкірекбаев. 

Өңір басшысының айтуынша, көршілердің суына деген тәуелділікті азайту үшін төрт шағын суқойманың құрылысы мен бес суқойманы қайта салуға 2015-2018 жылдар аралығында 25 млрд теңге бөлу көзделіп отыр. "Сонымен бір мезгілде ауыл шаруашылығын дамытуды жеделдету мақсатында Үкіметке үш шағын суқойма құрылысын бастау уақытын ауыстыру туралы ұсыныс жасалды", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.25   490.7   4.96 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети