01 ақпан 2016 15:41

Жаңа "дәліз" енгізілгеннен кейін ақша айырбастау орындарындағы жағдай қалай өзгерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Ақша айырбастау орындары жаңа ережені тұтынушылардың қалай қабылдайтынын әзірше білмейді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне экономист Евгений Кочетов айтып берді. Айта кетейік, 2016 жылдың 1 ақпанынан бастап ҚР Ұлттық банкінің ақша айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектері АҚШ доллары үшін - 6 теңге, евро үшін - 7 теңге болып бекітілген еді.


Ақша айырбастау орындары жаңа ережені тұтынушылардың қалай қабылдайтынын әзірше білмейді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне экономист Евгений Кочетов айтып берді. Айта кетейік, 2016 жылдың 1 ақпанынан бастап ҚР Ұлттық банкінің ақша айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектері АҚШ доллары үшін - 6 теңге, евро үшін - 7 теңге болып бекітілген еді.

1 ақпандағы таңғы сессияда доллар бағамы 361,42 теңге болғаны белгілі. Дегенмен ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу 355 теңге, кей жерлерде тіпті 354 теңгемен бекітілді. Евгений Кочетовтың айтуынша, бұған ақша айырбастау орындарының бағамның не боларын білмегендігі себеп болып отыр. "Естеріңізде болса, өткен аптада ақша айырбастау орындары долларды не үшін сатып алмағандарын түсіндірген болатын. Олар жай ғана бағамның қалай өзгеретінін білмейді. Қазір де сондай жағдай болып отыр. Бүгін Мәскеудегі сауданың ашылуынан кейін доллар 1 теңгеге қымбаттады, ал мұнай бағасы кей жерлерде баррель құны 35 доллардан түсе бастады. Сонымен қатар, бұған жаңа ережелерге сәйкес шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерінің өзгеруі себеп болды. Бір сөзбен айтқанда, ақша айырбастау орындары қазір жағдайды бақылап отыр", - деді Кочетов. Айта кетейік, Алматыдағы ақша айырбастау орындарының басым бөлігінде бағам 359 теңгемен тұрақтады.

Еске салайық, 23-24 қаңтарда мұнай күрт қымбаттағаннан кейін ақша айырбастау пункттері долларды сатпай қалған еді. Дүйсенбі күнгі саудада бағам жаңарса да, кейбір пункттер долларды сатудан бас тартты.

Кейбір сарапшылар сату мен сатып алу айырмасының 2 теңгеден 6 теңгеге дейін кеңейтілуі валюта тапшылығын шешуге көмектесетінін айтты. Дегенмен, Кочетовтің пікірінше, бұл туралы айтуға әзірше ерте. "Бұл шешім валютаны арзан сатып алып, қымбат сатқысы келетіндерге бөгет болу. Кішігірім мысал келтірейін - Қазком қазіргі уақытта долларды 365,5 теңгемен сатып жатыр. Ақша айырбастау орындарында мұндай келісімнен пайда табу үшін валютаны 371,5 теңгемен сату керек, ал бұл доллар бағамын 2 пайызға ұлғайту болып есептеледі. Салыстыра кетсек, өткен айда доллар 2,3 пайызға өсті, қаңтарда доллар бағамының өсуі рекордтық деңгейге жеткен еді", - деді сарапшы.

Оның айтуынша, жаңа ережеге сәйкес, сатып алу-сату арқылы пайда табатындарға бағамының күрт өзгеруі пайдалы. "Жақын арада шетел валютасын сатып алу-сату арқылы пайда табатындардың азаятынына сенімдімін, себебі ақша айырбастау орындарында операциялар валюта керек болған жағдайда ғана жүргізіледі. Сонымен қатар, бағам аз өзгерген сайын, ақша айырбастау орындарында сауда жасау көлемі де азаяды", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети