27 тамыз 2014 12:56

Қарабалин жанармай бағасының өскеніне қынжылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин. ©primeminister.kz Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин. ©primeminister.kz

ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин елде жанармай бағасының өскеніне қынжылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада бірінші вице-министр жанар-жағармайдың бөлшек нарығындағы ахуалға қатысты түсініктеме берді.


ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин елде жанармай бағасының өскеніне қынжылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада бірінші вице-министр жанар-жағармайдың бөлшек нарығындағы ахуалға қатысты түсініктеме берді.

"Мен бұған дейін баға өзгермейді деп айтқанмын. Баға өспейді деп үміттенгенімді мойындаймын, бірақ, өкінішке қарай, бізге бағаны ұстап тұру мүмкін болмады", - деді ол брифингте. 

"Пәлен күні коммунизм басталады не тапшылық болмайды деп айту қиын, әрине. Бірақ біз қазір тапшылықты болдырмау үшін шараларды қолға алып жатырмыз. Қазір сіздер көріп отырған үлкен баға айырмашылығы біздің трейлерлерге Ресейден уағдаластықтарда келісілген мұнай көлемін әкелуге мүмкіндік бермеді деп есептейміз. Тапшылық болды. Келешекте егер баға сол жеткізушілерге тиімді деңгейде қалатын болса, жанармай тапшылығы болмауы керек", - деді Ұзақбай Қарабалин.

Ол жанар-жағармайдың әуелгі бағасы тамыз айының соңына дейін тұрады деп сеніп қалғанын мойындады. Бүгін бірінші вице-министр АИ-92 жанармайының, шынымен де, тапшы екенін айтты. "Әсіресе Қазақстанның шекаралас аймақтарында жанармай тапшы, біздің мәліметімізше, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей сияқты көршілес елдерден біздің арзан отынымызды сатып алушылардың легі ағылды. Павлодар мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу мен Ресей зауыттарының біріндегі апат та бұған ықпал етті", - деді Қарабалин. 

"Бүгінде біз жанар-жағармай нарығындағы ахуалды тұрақтандыру үшін барлық шараны қолға алдық. Қазіргі уақытта АИ-92 жанармайының базаларда 95 мың тоннасы бар. Келешекте, зауыттардың қайта салынуы мен модернизациясынан соң, 2016 жылдан кейін Қазақстан өзінің жанар-жағармай қажеттілігін толығымен қанағаттандыратын болады", - деді ол.

Қарабалин дизель отыны бағасына қатысты болжам айтпауды және уәде бермеуді ұйғарды. "Мұнай мен мұнай өнімдері бағасына қатысты болжам жасаудың мүлдем жақсылыққа апармайтын іс екеніне көзім жетті", - деді ол. Журналистердің сұрағына жауап берген энергетика бірінші вице-министрі жеке көлігімен демалыс күндері жүретінін және АИ-93 маркалы бензинді пайдаланатынын айтты. Ал жұмыс күндері ол қызметтік көлігін мінеді. 

Еске сала кетейік, 21 тамыз күні "ҚазМұнайГаз" АҚ топ-менеджерлері Астанада өткен брифингте жанармай бағасын 10-15%-ға арттыру керектігін мәлімдеген еді. Мәлімдемеден соң Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мұнай өнімдерінің шектік бағасын бекіту туралы бұйрыққа қол қойды. Сөйтіп, АИ-92/93 жанармайларының бағасы литріне 128 теңге болып жоғарылады. Сарапшылар елімізде жанармай бағасының тағы да шарықтауы мүмкін екенін болжады. Өйткені Қазақстан сырттан тасымалданатын жанармайға тәуелді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети