13 қаңтар 2015 21:40

Қазақстан мен Кеден одағы елдерінің өзара саудасы 19,3 пайызға азайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тengrinews.kz мұрағатынан Тengrinews.kz мұрағатынан

2014 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанның Кеден одағы елдерімен арадағы өзара саудасы 19,3 пайызға азайды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.


2014 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанның Кеден одағы елдерімен арадағы өзара саудасы 19,3 пайызға азайды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

"2014 жылғы қаңтар-қарашадағы Қазақстан Республикасының Кеден одағы елдерімен өзара саудасы 18 084,9 миллион долларды құрап, 2013 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 19,3 пайызға азайды, соның ішінде экспорт 4 922,3 миллион доллар (10,7 пайызға аз), импорт 13 162,6 миллион доллар (22,2 пайызға аз) болды", - делінген таратылған ақпаратта.

Қазақстан Кеден одағындағы өзге елдерге, негізінен, минералды өнімдер (Кеден одағы елдерінің барлық экспортының 44,1 пайызы), металдар мен олардан жасалған бұйымдар (27,6 пайыз), химия өнеркәсібі өнімдері (12,2 пайыз), мал және өсімдік өнімдері мен дайын азық-түлік тауарларын (5,3 пайыз) экспорттайды.

Ал Ресей Федерациясынан және Беларусь Республикасынан бізге үлкен дәрежедегі машиналар мен жабдықтар (Кеден одағы елдері жалпы импортының 32,4 пайызы), минералды өнімдер (14,2 пайызы), химия өнімдері (13,5 пайызы), металдар мен металл бұйымдар (13,2 пайыз), мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (12,1 пайыз) әкелінеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети