13 желтоқсан 2014 20:10

Қазақстан мен Ресей үкімет басшылары мұнай бағасын талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тengrinews.kz иллюстрациясы Тengrinews.kz иллюстрациясы

Қазақстан мен Ресей үкімет басшылары Кәрім Мәсімов пен Дмитрий Медведев Алматыда мұнай нарығындағы жағдайды, сонымен қатар Қазақстанның Қысқы олимпиада ойындарын өткізуге өтініш өткізуіне байланысты Сочидегі Олимпиаданың ұйымдастырылу жағын да талқылады деп хабарлайды РИА Новости.

"Медведев екіжақты қарым-қатынастың қазіргі жағдайын, әлемдегі ахуалды, негізінен экономикалық басты мәселелерді талқылауды ұсынды. Соның ішінде мұнай турасын да".

"Бұл біздің мемлекеттер үшін аса өзекті мәселе, өйткені біз ірі мұнай экспорттаушы елдерміз, ал қазір мұнай нарығында әртүрлі оқиғалар болып жатыр, әрине ол өз кезегінде экономикалық жағдайға әсер етуде" деді ресейлік үкіметтің басшысы.

Соңғы бірнеше айда Brent маркасындағы мұнайдың бір баррелінің құны 100-ден 62 долларға дейін арзандаған.

Қазақстан Қысқы олимпиада ойындарын өткізуге бағын сынап жатқанын айтқан Мәсімовке ресейлік әріптесі Олимпиада өткізетін мүмкіндік туып жатса, оны қайда өткізетінін сұрап, қазір сол жерді тамашалауға жақсы сәт туып тұрғанын жеткізді.

"Біз де Қысқы олимпиада ойындарын өткізуге бағымызды сынап жатырмыз. Сондықтан бұл ретте Сіздің тәжірибеңізбен, кеңесіңізбен бөліссек дейміз" деді Мәсімов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети