26 мамыр 2015 16:56

Қазақстанда АИ-92 бензині қымбаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Қазақстанда АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 108 теңгеге дейін көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тиісті құжат Қазақстанның Энергетика министрлігінде жарияланды.


Қазақстанда АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 108 теңгеге дейін көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тиісті құжат Қазақстанның Энергетика министрлігінде жарияланды.

Бұйрық 2015 жылы 19 мамырда шығарылған. "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 маусымдағы Заңы 7-бабының 15) тармақшасына және 9-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне ҚҚС есебімен шекті бағалар мынадай мөлшерде белгіленсін: дизель отыны - 1 литр үшін 99 теңге; Аи-80 - 1 литр үшін 89 теңге; Аи-92/93 - 1 литр үшін 108 теңге", - делінген бұйрықта. "Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады", - деп мәлімдейді ведомстводағылар. Айта кетейік, Аи-80 мен дизель отынының бағасы өзгеріссіз қалды.

Бұған дейінгі бұйрық 2015 жылы 10 ақпанда шықты, ол құжат бойынша АИ-92 бағасы 99 теңге болып белгіленді. Бұл бұйрықтан кейін жанар-жағармайдың бағасы бұдан кейін де түсе береді деп күтілді. Дегенмен оған дейін жанар-жағармай 109, оның алдында әр литрі 115 теңгеден сатылған болатын.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети