23 мамыр 2014 16:12

Қазақстанда отандық өнімнің логотипіне арналған конкурс басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©yvision.kz ©yvision.kz

Қазақстанда отандық өнімнің барлық түрлеріне тағылатын логотип дизайнына арналған конкурс басталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ИНдустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігіне сілтеме жасап. 

"Конкурсқа Қазақстанның барлық жеке және заңды тұлғалары қатыса алады. Олардың жұмыстарын арнайы қазылар алқасы қарайды. Оның ішінде индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен бизнес қауымдастықтардың мүшелері бар. Олар дауыс беру арқылы жеңімпазды анықтайды", - делінген агенттіктің ресми сайтында. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазақстандық тауарлардың өзіндік белгісі болуы керек. Соның арқасында отандық тауарлар ішкі және сыртқы нарықтарда танылады. 

Конкурсқа қатысам деушілер өз жұмыстарын 23 мамыр және 16 маусым аралығында logo@nadloc.kz электронды мекенжайға жібере алады. Қосымша ақпаратты мына жерден оқуға болады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети