Қазақстандағы көлік саудасы бір жылда 40,4 пайызға төмендеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы көлік саудасы бір жылда 40,4 пайызға төмендеді © crepcinaelase.xpg.uol.com.br

Қазақстандағы көлік саудасы бір жылда 40,4 пайызға төмендеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ай сайын 8 мың темір тұлпардан, бір жылда 97 мың көлік сатылған, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы көлік саудасы бір жылда 40,4 пайызға төмендеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ай сайын 8 мың темір тұлпардан, бір жылда 97 мың көлік сатылған, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Қазақстандық автобизнеске кедендік одақ кері әсер етті. Рубльдің құлдырауын пайдаланған жұрт Ресейден көлік тасыды. Отандық автобизнесті қолау үшін өткен жылдың мамыр айында 16 миллиард теңге бөлінген еді. Аталған жеңілдік жыл соңында тағы жасалды. Яғни, 11 миллиард теңге отандық автобизнесті сақтап қалу үшін тағы бөлінді.

Айта кетейік, осыған дейін Kolesa.kz сайтының сарапшылары Қазақстанның қолданыста болған автомобильдері нарығындағы белсенділіктің төмендегенін айтқан болатын. Өткен жылдың басында сайтта автомобильдің сатылатыны туралы жарнама саны жарты миллионға жуық болса, жыл соңына қарай ол 350-360 мыңға дейін азайған. Автомобиль сатылымының шарықтау шыңы ақпанда болыпты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети