11 ақпан 2014 17:54

Казақстандық қор биржасы доллардың бағамын бекітті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото kursiv.kz сайтынан Фото kursiv.kz сайтынан

Қазақстандық қор биржасында (KASE) өткен кешкі сауда-саттық сессиясының қорытындысы бойынша доллардың бағамы 185 теңгенің айналасында бекітілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚҚБ ресми сайтына сілтеме жасап. Биржаның хабарлауынша, АҚШ долларының бағамы 184,49 теңгені құрады. Кешкі сауда-саттыққа валюта нарығының 14 өкілі қатысты. Алайда доллар бойынша келісімдер жасалған жоқ. Сессияның жабылуы кезінде "ресми котировка", яғни нақты бағалар жарияланбады. ҚР Ұлттық банкі болса, доллардың бағамын әлі өзгертпеді: доллар - 155,56 теңге, ал еуро - 212,25 теңге. Алайда бүгін банк төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім еткендей, доллардың бағамы 185 теңгенің айналасында болады. Осыған орай, банк басшылығы валюта айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша доллар мен еуроны теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы бұйрықты шығарды. Оған сәйкес, доллар бағамының ауытқу шегі 2 теңгеден аспауы тиіс. Ал еуроны сатып алу мен сату айырмашылығы 3 теңгеден артық болмауы шарт.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети