13 қаңтар 2015 13:48

Қазақстандықтар екі айдың ішінде Ресейден 22 мың көлік сатып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©avtovozik.kz ©avtovozik.kz

Қазақстандықтар екі айдың ішінде Ресейден 22 мың көлік сатып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің ресми өкілі Жамбыл Сұрағановқа сілтеме жасап.


Қазақстандықтар екі айдың ішінде Ресейден 22 мың көлік сатып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің ресми өкілі Жамбыл Сұрағановқа сілтеме жасап.

"2014 жылы қараша-желтоқсан айларында Ресей Федерациясынан келген 22 115  автокөлік мағлұмдалды, олардың 818-і Астанаға тиесілі. Ресейден әкелінген көліктердің жалпы санының 45,3 пайызын заңды тұлғалар, ал 54,7 пайызын жеке тұлғалар сатып алған", - деп хабарлады Сұрағанов.

Алайда ол бұл цифлардың нақты емесін айтты, бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары болуы мүмкін, себебі 2014 жылы желтоқсан айында сырттан келген тауарлар бойынша есеп беру мерзімі 2015 жылдың 20 қаңтарында аяқталады, яғни импортшылардың оларды мағлұмдауға әлі де уақыттары бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астана ішкі істер департаменті екі айдың ішінде Ресейден Астанаға 3 мыңға жуық көлік әкелінгенін хабарлаған болатын.

Комитет мәліметтері бойынша Lada, Toyota, Hyundai, KIA, Renault, Chevrolet маркалары ең көп импортталған. Сонымен қатар комитет көліктердің басым бөлігі 2008-2014 жылдары шыққанын хабарлады. Көліктердің тең жартысы 2014 жылы, 30 пайызы 2011-2013 жылдары, ал қалғаны 2008-2010 жылдары шыққан.

Көрші елден сатып алынған көліктердің қосылған құн салығынан мемлекет бюджетіне түскен соманың жалпы мөлшері - 4 миллиард 88 миллион 973 мың теңге, оның 318 миллион 393 мың теңгесі Астанадан түсті, ал сатып алынған көліктердің орташа бағасы - жарты миллион теңге.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети