22 қаңтар 2016 15:47

Күндізгі сауда: Доллар 382,87 теңгеге тең

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының күндізгі саудасының қорытындысы бойынша 382,87 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының күндізгі саудасының қорытындысы бойынша 382,87 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Саудалардың бірінші келісімі 380,7 бағасында жасалды. Бұл минималдық бағасы болды. Максималдық құны - 384,5 теңге. Сауда көлемі 64,3 миллион долларға тең. Kurs.kz мәліметінше, шетел валютасының айырбас пункттеріндегі құны 382-384,5 теңге.

21 қаңтардағы KASE қор биржасының таңғы сессиясында доллар бағамы 379,86 теңгеге тең болған еді. Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов теңге бағамы салыстырмалы түрде теңдікке жақындады және бірнеше апта ішінде тұрақты болады деп санайтынын мәлімдеген болатын. "Меніңше, біз салыстырмалы түрдегі теңдікке жақын қалдық, оған көзіміз жетіп отыр, бірнеше аптаның ішінде теңгенің долларға қатынасында, сол сияқты теңгенің долларға деген қатынасында тұрақтануды байқаймыз деп ойлаймын. Мен мұны өте маңызды деп есептеймін. Теңдікке жетсек жағдай қалпына түседі және сол кезде ұзақмерзімді болжамдар жасауға болады", - деді премьер. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети