07 ақпан 2014 14:56

Қырғызстан Кедендік Одаққа енуге дайын

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанның бірінші вице-министрі  Джоомарт Оторбаев. фото ©news.mail.ru Қырғызстанның бірінші вице-министрі Джоомарт Оторбаев. фото ©news.mail.ru

Көршілес Қырғыз елі Кедендік Одаққа енуге дайын екендіктерін мәлімдеп отыр деп хабарлайды Tengrinews.kz. Тіпті Қырғызстанның Кедендік Одаққа ену рәсімі биылғы жылдың наурыз айында болуы да мүмкін. Бұл туралы Қырғызстанның бірінші вице-министрі Джоомарт Оторбаев құлаққағыс жасап отыр. Оторбаев мырзаның айтуынша, қазірде Ресей президенті Путин мен Қырғыз елінің президенті Алмазбек Атамбаев өзара келіссөздер жүргізуде. Сондай-ақ Қырғызстанның экономикалық әлеуетін дамытуға қатысты "Жол картасын" қаржыландыру мәселелері де қарастырылуда. Жалпы, Қырғыз елінің Кедендік одаққа енуіне қатысты "Әлі де біраз жайттарды талқылау жүргізіп жатыр. Әсіресе екі ел нарығындағы сауда айналымы, инфрақұрылымды дамыту, мигранттардың ахуалын пысықтап алғанымыз жөн" дейді Оторбаев. Бұған қоса ол: "Кедендік одаққа ену арқылы Қырғызстанның экономикалық әлеует арта түсетінін, инвестициялық әлеуеті кеңейетінін, Кедендік Одақ аумағында 170 миллионға жуық адам тұратынын, яғни, бұл – үлкен нарық екенін, оған өтетін болса, Қырғызстан үшін одақтастастармен сауда-саттық жасау жеңілдеп, әлеуметтік жағдай қалыпқа түсе бастайтынын" алға тартты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети