19 ақпан 2014 17:59

Қызылордада шыны зауытының құрылысы басталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Нұрғиса Елеубеков © Нұрғиса Елеубеков

Қызылорда облысында маусым айында шыны зауытының құрылысы басталады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Елбасының, Үкіметтің қолдауының арқасында, біз маусым айында зауыт құрылысын бастаймыз", - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бүгін халыққа есеп беру жиынында. Зауыт озық технологиямен салынатын болады. Шыны зауытының құрылысы біраз жылдан бері тек сөз жүзінде қалып келген еді. Аталмыш кәсіпорын аймақтың тыныс-тіршілігіне оң әсер етері анық. Өйткені, өңірде бұрын-соңды мұндай алып өндіріс ошағы болған емес. Оған қажетті шикізат қоры облыс аумағында жеткілікті деңгейде. Зауытта жылына 600 тоннаға жуық өнім түрлері шығарылады деп жоспарланған. Бұл өнімдер Қазақстанның оған деген сұранысын толық қанағаттандыра алады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети