04 мамыр 2014 12:08

Мораторий жауапсыз кәсіпкерлер үшін тиімді болып тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото stolovay.ru сайтынан Фото stolovay.ru сайтынан

Бүгінде кейбір жауапсыз кәсіпкерлер мемлекет тарапынан тексеріске салынған мораторийді жамылып, қарапайым санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзып жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігінің төрағасы Болатбек Қуандықовқа сілтеме жасап. 


Бүгінде кейбір жауапсыз кәсіпкерлер мемлекет тарапынан тексеріске салынған мораторийді жамылып, қарапайым санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзып жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігінің төрағасы Болатбек Қуандықовқа сілтеме жасап. 

Осы орайда агенттік басшысы Астанадағы №3 мектеп-гимназиясында оқушылардың асхана тамағынан уланып қалу оқиғасын еске алып: "Сонда біз тек төрт күннен кейін ғана ол жерге кіріп, тексеріс жасадық. Себебі қазір мемлекет тарапынан тексерістерге мораторий жарияланған. Ал сол мектепте тамақтану қызметін ұсынған жеке кәсіпкердің өзі сан алуан сылтаулар айтып, біздің тексерісімізге барынша кедергі жасауға тырысты. Сөйтсек, оның санитарлық-эпидемиологиялық тексеріс қорытындысы да жоқ болып шықты. Мектеп асханасын жалға алу келісімі бойынша ол құжат міндетті түрде болуы шарт. Сол сияқты Қостанай қаласындағы суши-барда улану оқиғасын тексере келе, тура сондай тәртіп бұзушылықтар анықталды. Оның бәрі нені көрсетеді? Бүгінде кейбір жауапсыз кәсіпкерлер мемлекет тарапынан берілген жеңілдіктерді (мораторий - авт.) жамылып, қарапайым санитарлық гигиена талаптарын бұзып жатады. Ертең сол балалар мен тұтынушылардың орнында біздің балаларымыздың болмайтынына кім кепіл?", - деді Б.Қуандықов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Алдағы уақытта жауапсыз кәсіпкерлерді анықтау мақсатында агенттік мораторийге түскен тексерістердің баламасы ретінде камералдық (ондай тексеріс жеке кәсіпкердің мемлекеттік органдарға тапсырған құжаттарды саралау негізінде өткізіледі - авт.) бақылау жүйесін енгізуді көздеп отыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети