27 қазан 2014 19:36

Мұнай бағасы 80 долларға дейін төмендеуі мүмкін - сарапшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұнай бағасы барреліне 80 долларға дейін төмендеп кетуі мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Forex Club компаниясының шолушысы Валерий Полховский айтып берді. 


Мұнай бағасы барреліне 80 долларға дейін төмендеп кетуі мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Forex Club компаниясының шолушысы Валерий Полховский айтып берді. 

"Егер, Brent маркалы мұнай бағасы төмен түсіп, 84,20-ның маңайына келетін болса, онда қазіргі жағдай бойынша құбылмалы мұнай бағасы төмен түсіп, барреліне 80 долларға дейін жетуі мүмкін", - дейді шолушы. Алайда, оның айтуына қарағанда, америкалық Goldman Sachs инвестициялық банкі бүгін, 27 қазан күні алдағы тоқсанға мұнай бағасы төмендейді деп жасаған болжамына қарамастан жоғары сапалы мұнайдың бағасы апта басында ешқандай өзгеріске түспей сатылып жатыр. Дегенмен, инвестициялық банк  Мұнай экспорттайтын елдер ұйымы өндіретін мұнай әлемдік сұраныстан асып түсетінін айтты. 

Еуропалық Brent маркалы мұнайымен жасалған фьючерстік келісімшарт бойынша экспирация уақытына сәйкес желтоқсанға дейін жеткізілетін мұнай Азияда барреліне 75,70 доллардың көлемінде сатылып жатыр. Бірақ, өткен аптаның соңында өзінің бұрынғы бағасы 86,15 долларға қайта келді. WTI маркалы мұнайдың да бағасы барреліне 81,25 долларға қайта келгенше 80,80 долларға дейін түсіп кеткен болатын. Сатылым тұрақтылығы келісімшарт бойынша 4,92 доллар деңгейінде болды, - дейді ол.

Сарапшы Goldman Sachs өкілдері өздерінің жаңартылған болжамында  Brent маркалы мұнай бағасы 2015 жылдың бірінші тоқсанында барреліне 85 долларға дейін көтерілетінін айтты. Ол бұған дейінгі бағалардан 15 доллардай төмен. "Банк бұл болжамды АҚШ-та өндірілетін қатпарлы тасжыныс мұнайының тұрақты өсіп келе жатқанына байланысты сенімді түрде айтып отыр. Болжамда мұнайдың тек барреліне 75 долларға дейін төмендеуі АҚШ-тағы мұнай өндіруді төмендете алатыны айтылған. Банкте нарықтағы сұраныс пен ұсынысты тең ұстау үшін әлемдік мұнай өндірушілері өнімдерін күніне 800 мың баррерльге дейін қысқарту керек деп санайды. Дегенмен, Brent қазірдің өзінде барреліне 85 долларға дейін көтеріліп жатыр. Сондықтан да нарық Goldman Sachs жасаған есебін жоққа шығарды", - дейді маман. 

Одан бөлек, Полховский Мұнай экспорттайтын елдердің ұйымы қиын жағдайда қалып, нарыққа жасап отырған ықпалынан айырылып жатқанын айтты. Шолушының айтуына қарағанда, АҚШ-та өндірілетін  қатпарлы тасжыныс мұнайына қарсы тұру үшін оларға мұнай өнімін көбейтіп, нарықтағы бағаны 75 доллардан төмен түсіру керек. "Қазіргі таңда мұнай бағасын көтеруге әлемдік экономиканың қайта жандануы және сұраныстың көбеюі әсер ете алады, бірақ Қытай мен еуроаймақтың сылбыр әрекетіне қарағанда мұндай сценарий алдағы тоқсандарда болуы екіталай", - дейді сарапшы.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети