02 ақпан 2016 11:14

Мұнайдың арзандауының фонында ұлттық валюта 9 теңгеге әлсіреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

KASE биржасының таңғы сессиясының қорытындысы бойынша, ұлттық валюта бағамы долларға қатынасында 368,91 теңгеге тең, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана уақыты бойынша, 2 ақпандағы 00.00 жағдайында, "РБК" мәліметінше, Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 33,98 доллар.


KASE биржасының таңғы сессиясының қорытындысы бойынша, ұлттық валюта бағамы долларға қатынасында 368,91 теңгеге тең, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана уақыты бойынша, 2 ақпандағы 00.00 жағдайында, "РБК" мәліметінше, Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 33,98 доллар.

Бірінші сауда 362,93 теңгемен жасалды. Осы минималдық құны болып тіркелді. Максималдық құны 370 теңгеге жетті. Сауда көлемі 19,55 миллион доллар болды. Kurs.kz сайтының мәліметінше, ақша айырбастау орындары шетел валютасын 365-370 деңгейінде саудалап жатыр.

Еске салайық, 2016 жылдың 1 ақпанынан бастап ҚР Ұлттық банкінің ақша айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектері АҚШ доллары үшін - 6 теңге, евро үшін - 7 теңге болып бекітілген еді. "Естеріңізде болса, өткен аптада ақша айырбастау орындары долларды не үшін сатып алмағандарын түсіндірген болатын. Олар жай ғана бағамның қалай өзгеретінін білмейді. Қазір де сондай жағдай болып отыр. Бүгін Мәскеудегі сауданың ашылуынан кейін доллар 1 теңгеге қымбаттады, ал мұнай бағасы кей жерлерде баррель құны 35 доллардан түсе бастады. Сонымен қатар, бұған жаңа ережелерге сәйкес шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерінің өзгеруі себеп болды. Бір сөзбен айтқанда, ақша айырбастау орындары қазір жағдайды бақылап отыр", - деді Кочетов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети