04 маусым 2015 14:02

Назарбаев елдегі аграрлық сектордың жағдайына қапалы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдегі аграрлық сектордың жағдайына қапалы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай ойымен Мемлекет басшысы елордада өтіп жатқан Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында бөлісті.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдегі аграрлық сектордың жағдайына қапалы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай ойымен Мемлекет басшысы елордада өтіп жатқан Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында бөлісті.

"Аграрлық сектор біздің ел үшін дәстүрлі мәнге ие. Бұл біздің халықты жұмыспен қамтып отырған үлкен сала және экономиканы әртараптандыратын негізгі экономикалық қайнар көздің бірі. (...) Ауыл шаруашылығы негізінен тікелей инвестицияның арқасында өсіп, қуаттанды. Сіздер айтып отырған ғылыми-техникалық прогресстің жаңа тәсілдерін игеру бойынша ұсыныстар, әсіресе нүктелі егіншілікпен мұнда әлі ешкім айналысқан жоқ. Сондықтан мен бұл туралы ойлаймын, біздің экономикамыздың ірі секторының бүгінгі таңда нашар жағдайға болғаны үшін қапаланамын. Ол жақта біздің халықтың 40 пайызы тұрады және 22 пайызы ауыл шаруашылығында жұмыс істейді. Кенттену үдерісінің бояулығын сіздер көріп отырсыздар және біз бұған асықпаймыз", - деді Назарбаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында.

Елбасының мәліметінше, Қазақстан әлем бойынша ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы жағдай жасалған елдердің бірі, ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жердің аумағы 215 миллион гектарға тең. Бұл, Мемлекет басшысының айтуынша, әлемдік ресурстың 4 пайызынан жоғары. Австралиямен және Канадамен қатар Қазақстан әлем бойынша жан басына шаққандағы есеппен егіндік аумағы бойынша алдыңғы қатардағы елдердің сапында. "Табиғи климаттық зоналардың әр түрлілігі мен табиғи жер қыртысы біздің түрлі бағытта бәсекеге қабілетті болуымызға жол ашады: бидай, күріш, майлы және мал азығы дақылдарын, ет пен сүт бағытында өнім өндіру", - деді Назарбаев.

Президенттің айтуынша, жыл сайын Орта Азия мен Еуропа елдеріне 8-ден 10 миллион тоннаға дейін бидай экспортталады. "Кеңес заманында біз туралы армандай да алмайтынбыз. Бидай әркез жетіспейтін, алайда кей кездері қазіргіден көп өндірілетін. Жалпы алғанда қазақстандық экспорттың географиясына 70 ел кіреді", - деді Назарбаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети