12 наурыз 2014 10:01

Оңтүстік Қазақстанда ең үлкен жылыжай ашылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото mail.ru сайтынан Фото mail.ru сайтынан

Наурыз айының ортасында Оңтүстік Қазақстан облысында ең үлкен жылыжай ашылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАгро" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған жылыжайдың ауданы 11 гектарды жерді құрайтын болады. Жобаның жалпы құны - 2,1 млрд. теңге. Оны "Аделя" фирмасы іске асырып отыр. "Бұл жерде 140-қа жуық маман көкөніс өсірумен айналысады. Олардың барлығы арнайы дайындықтан өткен соң, жұмыспен қамтылады", - делінген ресми хабарламада. Айта кеткен жөн, "ҚазАгро" ұлттық холдингі жылыжай кешендері желісін құру жұмысын 2008 жылдан бері жүргізіп келеді. Оның қаржыландыру көздері сан алуан болып келеді. Негізгісі - Ұлттық қордың қаражаты. Осы уақытқа дейін холдинг басшылығы жалпы сомасы 33,5 млрд. теңгені құрайтын 37 түрлі жылыжай жобаларын мақұлдаған. Бүгінде "ҚазАгро" ұлттық холдингінің еншілес компаниялары 14,2 млрд.теңгенің 21 жобасын пайдалануға берді. Биыл тағы 19,3 млрд.теңгені құрайтын 16 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети