20 наурыз 2015 18:55

Путин Лукашенко мен Назарбаевқа валюта одағын құру мәселесін талқылауды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Ресей президенті Владимир Путиннің пікірінше, валюта одағын қалыптастыратын кез жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ресей президенті Владимир Путиннің пікірінше, валюта одағын қалыптастыратын кез жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Серіктестерімізбен монетарлық саясатта үйлестіруді жалғастыруға шарттастық. Келешекте валюта одағын қалыптастыру мүмкіндігі туралы да талқылайтын кез жетті деп ойлаймыз", - деді Путин Қазақстан, Ресей, Беларусь президенттерінің Ақордадағы үшжақты кездесуін қорытындылап.

"Иық тіресе жұмыс істей отырып, сыртқы қаржылық факторлар мен экономикалық қауіптерге әрекет ету, бірлескен нарықты қорғау оңайырақ", - деді Ресей президенті. 

Еске салайық, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде валюта одағын қалыптастыру тақырыбы 2014 жылы да талқыланған еді. Ол кезде Қазақстан мен Ресей премьер-министрлерінің бірінші орынбасарлары бір-біріне қайшы келетін мәлімдемелер жасады. Ресей өкілі Игорь Шувалов келешекте ЕАЭО шеңберінде валюта одағын құру мәселесі қаралуы мүмкін екенін айтты. Ал Қазақстан өкілі Бақытжан Сағынтаев мұндай одақ туралы әңгіменің болуы мүмкін емес екенін мәлімдеді. 

"Қандай да бір сәтте бізге қаржы одағы немесе, тіпті, валюта одағы мәселесін салмақты түрде зерттеу керек болады. Бірақ бұл мәселе келешекте қаралады, әзірше күн тәртібінде жоқ", - деді Ресей үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов өткен жылдың 29 мамырында Астанада ЕАЭО туралы шартқа қол қойылған кезде. 

"Дұрыс түсінік болуы үшін айта кетейін, біз бұл мәселені біздің деңгейімізде де, мемлекет басшылары деңгейінде де талқылаған емеспіз. Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаржы орталығы ретінде қарастырылатын болатынын айтты, сондықтан ол ұлтүсті қаржы реттеушісін құру шеңберінде ғана болады. Ешқандай валюта, қаржы одағы туралы әңгіме болған жоқ", - деп мәлімдеді ҚР бірінші вице-премьері Сағынтаев.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети