05 ақпан 2015 12:18

Ресейден импортталатын тауарларға қиын жағдайда ғана уақытша тыйым салуға болады - сарапшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото roscontrol.com сайтынан алынды Фото roscontrol.com сайтынан алынды

Ресейден импортталатын тауарларға тек қиын-қыстау жағдайда ғана уақытша тыйым салуға болады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Макроэкономикалық зерттеулер орталығының директоры Олжас Құдайбергенов айтып берді.


Ресейден импортталатын тауарларға тек қиын-қыстау жағдайда ғана уақытша тыйым салуға болады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Макроэкономикалық зерттеулер орталығының директоры Олжас Құдайбергенов айтып берді.

Құдайбергеновтің айтуынша, Ресейден әкелінетін тауарларға уақытша тыйым салу заңды, себебі Кеден одағы туралы келісімшартта қиын-қыстау жағдайларда қорғану шаралары қарастырылған. Ал қазір - экономистің айтуынша, тап сол қиын-қыстау жағдай.

"Сонымен қатар, біз ықпалдастық жақтаушысы екенімізді нақты түсіндіріп беруіміз керек. Ал Ресей өз кезегінде мына жағдайларға байланысты қорғау шараларына қарсылық білдірмейтінін түсіндіріп беруі тиіс: біріншіден, бұл уақытша қолданылған шара болуы керек, екі жылға және бір жылға ұзарту мүмкіндігі берілуі қажет, яғни максимум үш жылға. Екіншіден, бәсекелес тауарларға баж салығы салынуы тиіс, ал бәсекелес емес тауарларға ол қолданылмайды. Яғни Ресей, жоқ дегенде бәсекелес тауарларын жеткізудің мөлшерін сақтап қалып, бәселекес емес тауарларының Қазақстанға экспортын кеңейтуге мүмкіндік алады", - деді Құдайбергенов. 

Оның айтуынша, бұл схема Қазақстан үшін де, Ресей үшін де тиімді. "Сонымен қатар, Ресей Қазақстан тұрғындарының ықпалдастық үдерісіндегідей Ресеймен қарым-қатынасын жақсартуға мүмкіндік алады. Бұл Ресейдің өз аумағында соңғы бір жылда болып жатқан мәселелердің Қазақстан экономикасына ауысып кетпеуін қаламайтынын көрсетеді. Егер Ресей қарсылық білдірмесе, бұл ішкі бақылаушылар тарапынан одаққа мүше елдердің қиын-қыстау жағдайда тиімді өзара әрекеттесуі деген бағаға ие болады", - деді Құдайбергенов.

Еске сала кетейік, жақында Павлодар облысының басшылығы Ресейден импортталатын тауарларға уақытша шектеу қоюды ұсынған болатын. Мұндай ұсынысты облыс әкімдігі Қазақстан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевқа жеткізді. Нарықта ресейлік арзан тауарлардың қаптап кетуіне байланысты өндірістік кәсіпорындар қиын жағдайға тап болғаны белгілі. Қазақстандық тауармен қамтамасыз етушілер ресейлік бәсекелестерінің тауардың белгілі бір түрлерінің бағаларын біздікіне қарағанда 30-60 пайызға дейін арзандатып беруіне тап болды. Бұл жергілікті өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметіне теріс әсер етіп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети