31 шілде 2014 11:52

Ресейге қарсы санкциялар мұнай нарығына кері әсер етеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Ресейге қарсы санкциялар мұнай нарығына кері әсер етеді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Wild Bear Capital жетекші талдаушысы Виктор Неустроев айтты.


Ресейге қарсы санкциялар мұнай нарығына кері әсер етеді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Wild Bear Capital жетекші талдаушысы Виктор Неустроев айтты.

"Мұнай нарығы кешегі күнді жағымсыз жайттармен аяқтады. Ресейге қарсы санкциялар енгізу әлемдік экономикаға, соның салдарынан энерготасымалдаушыға деген сұранысқа да кері әсер етеді. Санкциялар, әрине, жылу-энергетика кешеніне де әсер етеді, бірақ ұзақмерзімді келешекте, онда да санкциялар ұзақ мерзімге баратын болса. Еуроодақ мұнай кен орындарын өңдеуге қажетті жоғарытехнологиялық жабдықтарды жеткізуге шектеу енгізді", - дейді сарапшы.

Лондондағы InterContinental Exchange Futures Europe (ICE Futures Europe) электронды тауар биржасындағы соңғы сауда күні Brent Crude Oil маркалы мұнай бағасы барреліне 107,72 доллардан 106,51 долларға дейін төмендеді.

Ал Нью-Йорктің New York Mercantile Exchange (NYMEX) шұғыл тауар биржасында Light Sweet Crude Oil(WTI) маркалы мұнайдың соңғы сауда күніндегі құны 100,97-ден 100,27 долларға дейін құлдырады.

Ресейге қарсы санкциялармен бірге мұнай нарығына мұнай қорының 1,25 млн рубльге азаюы да әсер етіп тұр. Сарапшының айтуынша, жанармай қоры кезекті рет ұлғайып, оған деген сұраныстың аз екенін байқатады. "Мұнай қоры туралы мәліметтер нарыққа өзінше өң беруі мүмкін, бірақ мұнда бұрынғысынша геосаяси факторлар үстемдік етіп тұр. Мұнай нарығының ұзақмерзімді келешектегі даму қарқынын дәл осы факторлар анықтайды", - дейді Неустроев.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети