26 шілде 2016 17:58

Ұлттық банк өкілдері теңгенің неліктен әлсіреп жатқанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР Ұлттық Банкінде теңге бағамының өзгеру себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР Ұлттық Банкінде теңге бағамының өзгеру себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ҰБ Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары Әділ Мұхамеджановтың айтуынша, қазіргі уақытта еркін өзгермелі айырбастау бағамы режімі қолданылуда, ол айырбастау бағамының бірқатар факторларға қарай, бірінші кезекте, мұнай бағасына және сауда әріптес елдер валюталарының бағамдарына қарай күнделікті әрі-бері ауытқуын болжайды.       

"Бұл ретте теңгенің бағамына нарыққа қатысушылардың күтулері, бюджет қаражатының қозғалысы, салық төлеу кезеңдері және соңғы айлардағы - долларсыздандыру үрдісі сияқты ішкі факторлар да әсер етеді", - деп нақтылады Мұхамеджанов.

Ол ағымдағы жылдың шілдесінде мұнай бағасының төмендеу үрдісінің байқалғанын, оған мұнай өнімдері нарығындағы ұсыныс көлемінің өсуі, АҚШ-тағы мұнайдың жеткілікті қоры туралы деректердің жариялануы, сондай-ақ АҚШ-тағы бұрғылау ұңғымалары санының ұлғаюы себепші болғанын атап өтті.

"Соңғы кезде рубльдің серпіні мұнай бағасының өзгеруіне сезімталдықтың төмендегенін көрсетті. Соған қарамастан, рубльдің АҚШ долларына қатысты құны мұнай бағасының құлдырауы аясында төмендеді", - деп толықтырды Мұхамеджанов. Осылайша, оның айтуынша, жоғарыда көрсетілген факторлар 2016 жылғы 26 шілдеде ҚҚБ АҚ-та теңгенің 350,2 деңгейге дейін әлсіреуіне себеп болды.

Еске салайық, ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 26 шілдедегі күндізгі саудасында долларына 351,02 теңгеге тең болып, 7 теңгеге әлсіреген болатын. Кейін сарапшылар теңгенің тағы да құлдырайтынын болжаған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети