16 қыркүйек 2015 21:23

Ұлттық банк теңге бағамын реттеуге араласатын болса шығынға батуы мүмкін - экономист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Экономист Олжас Құдайбергенов теңге бағамын қолдау үшін нарыққа әрдайым араласатын болса ҚР Ұлттық банкінің халықаралық резервтерінің айтарлықтай мөлшерінің шығындалатынынан қауіптенеді. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің 16 қыркүйектен бастап ішкі валюта нарығындағы ахуалды тұрақтандыру мақсатында валюталық өктемдік жүргізуге шешім қабылдағаны белгілі. Ұлттық банктің валюталық өктемдігінің көлемі биыл 16 қыркүйекте 144 миллион долларды құрады. Алайда Ұлттық банк өкілдері доллар құнының артуының алыпсатарлық мәнге ие екендігін атап өтті.

Құдайбергеновтың айтуынша, еркін ауытқу мен қаржы реттегішінің нарықтан әрдайым қатысуынан кетуі екіұшты жағдайды туғызады. "Бұл - әрмен қарай не болатыны белгісіз болатын жағдайды туғызады. Дәл осы Ұлттық банктің қатысуы теңге бағамының болжам жасауға болатындай жағдай жасайды. Бір күннің ішінде 144 миллион жұмсалды. Егер күн сайын осылай болса ше? Бұл өте көп қаражат. Бұл сома бір ай ішінде - 22 жұмыс күнінде - 2 миллардтан асып жығылуы мүмкін. Алайда Ұлттық банк күн сайын қатысып отыра ма, жоқ па - ол жағы белгісіз", - деді экономист.

Құдайбергенов қаржы реттегішіне теңге бағамын бір сарынмен әлсіретуге мүмкіндік берілуі керек болғанын мәлімдеді. "Ұлттық банкті резервтегі қаражатты шығындады деп жазғырғандар болды. Еркін ауытқу бағамына өтті, девальвациялар жасады деді. Алайда Ұлттық банктің араласпай тұра алмайтыны және резервті жарататыны белгілі болды ғой. Кенет болған девальвация оған нарықтан кетуге мүмкіндік бермейді. Ал бұлай болса, Ұлттық банкті осыған дейін қаражат жаратты деп айыптаудың не қажеті бар? Теңге бағамын бір сарынмен өзгертуге мүмкіндік беру керек еді", - деді ол.

Оның айтуынша, салдарынан қаржы реттегіші алда да интервенциялар өткізуге мәжбүр болуы мүмкін. "ҚР Ұлттық банкі нарықта доллар сатып алса, ол теңгені басып шығарады да нарыққа жібереді, есесіне доллар сатып алады, ал ол резервке қойылады. Ал егер керісінше процесс жүрсе, ол долларды сатып, нарықтан теңгені алады, олар болса күйіп кетеді. Бұл керісінше эмиссия процессі. Егер Ұлттық банк нарыққа қатыспаса, теңге бағамы ауытқи бастайды. Бүгінгі араласуынан кейін теңге 285 көрсеткішіне дейін барды. Соған қарағанда, ҚР Ұлттық банкі бағамның 300-ден ары баруына жол бермейтінін көрсетті. Ал егер тіпті жол берсе де, бұл кенеттен ауытқымай, бір сарынмен жүруі тиіс", - деді экономист.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети