03 қыркүйек 2014 | 09:20

Америкалық журналист өлер алдында Обаманың саясатын сынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық журналист Стивен Сотлофф "Ислам мемлекеті" (ИМ) содырларының қолынан өлерден бұрын АҚШ президенті Барак Обаманың саясатын сынға алды, - деп хабарлайды РИА Новости


Иконка комментария блок соц сети

Америкалық журналист Стивен Сотлофф "Ислам мемлекеті" (ИМ) содырларының қолынан өлерден бұрын АҚШ президенті Барак Обаманың саясатын сынға алды, - деп хабарлайды РИА Новости

"Обама Иракқа басып кіруді сылтауратып, америкалықтардың өмірі мен мүдделерін қорғаймын деді. Неліктен онда мен қазір сіздердің менің өміріме араласқандарыңыз үшін жылауым керек? Мен АҚШ азаматы емеспін бе? Біз америкалық салық төлеушілердің миллиардтаған долларын жұмсап, ИМ-мен соғыс барысында мыңдаған әскерлерімізден айырылдық. Жаңадан басталған соғыста халықтың мүддесі қандай?", - деген америкалық журналист.

"Мен ішкі саясат жөнінде аз білсем де, бірақ мен сіздің сайлау барысындағы жеңісіңіз Ирактағы, Африкадағы әскерлерді кері қайтарып, Гуантанамо түрмесін жабамын деген уәдесіз өтпегенін білемін. Қазір Обама, сіздің (президенттік) мерзіміңіз аяқталып келеді, бірақ  жоғарыда айтылған уәделердің біреуінде орындамадыңыз. Сіз бізді өтірік жолға бастап, америкалық халықты ашық отқа жетелеп келесіз", - деді Сотлофф.

Еске салайық, Time және  Foreign Policy сынды бірнеше басылымдарда жұмыс істеген америкалық журналист Стивен Сотлофф 2013 жылы Сирияда Түркия шекарасынан өткеннен кейін тұтқынға түскен. 2 қыркүйек күні ИМ содырлары Сотлоффтың басы кесілгені түсірілген бейнероликті жария етті. Бейнероликтегі түрін бетпердемен жауып алған лаңкес сарғылт түсті киім киген америкалық журналистің басын кесіп жатқаны көрсетілген. Ол сондай-ақ тағы бір тұтқын, британдық Дэвид Хэйнстың басын кесемін деп қорқытады.  

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети