21 желтоқсан 2014 18:09

"Ислам мемлекеті" содырлары кепілге алынған тірі адамдардың дене мүшесін сатып жатыр - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ислам мемлекеті" содырлары дәрігерлерді өз қатарындағы қаза тапқан адамдардың ғана емес, сонымен қатар кепілге алынған тірі адамдардың, оның ішінде балалардың да дене мүшесін алуға мәжбүрлеп жатыр, - деп хабарлайды "Вести.Ru"


"Ислам мемлекеті" содырлары дәрігерлерді өз қатарындағы қаза тапқан адамдардың ғана емес, сонымен қатар кепілге алынған тірі адамдардың, оның ішінде балалардың да дене мүшесін алуға мәжбүрлеп жатыр, - деп хабарлайды "Вести.Ru"

Иран дәрігерінің айтуынша, "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымының содырлары адам мүшелерінен көп табыс тауып жатыр, олар бұл істі Ирактың солтүстігіндегі басып алған Мосул қаласындағы ауруханада жасайды. Есептегі мәлімет бойынша, адам мүшелері Араб Әмірлігі мен Түркияға әкетіледі. Сонымен қатар, баяндамада Еуропаға жеткізіліп жатқан ауған есірткісінің контрабандасы жайлы хабарланды. Бұл мәліметтерге сәйкес, "Ислам мемлекеті" ауған есірткісіннің жартысын Еуропаға жеткізу арқылы шексіз көп қаражат тауып жатыр. 

Еске сала кетейік, осыған дейін "Ислам мемлекеті" содырларының өлтірілген америкалық тілші Джеймс Фоулидің денесін сататыны жайлы хабарланған болатын. Оның өлтірілгені бейнеленген видео тамыз айында пайда болған еді. Видеода ер адам мен оның басын алатын адам АҚШ саясаты мен америкалық әскердің ісін сынайды. "Ислам мемлекеті" Фоулидің денесін Түркияның шекарасына жеткізіп береді. Мұнымен қатар, содырлар оның ДНҚ үлгісін де ұсынбақшы. Сатудың себебі - ақша табу екені айтылды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети